ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

«АМАНАТ» САЙЛАУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙДЫ

17:22, 15 мамыр 2019

9-шы маусым күні «Аманат» азаматтық платформасы сайлауға бақылау жасайды. Олар кезектен тыс саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін жіті назарға алмақ. Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығында тәуелсіз бақылаушыларға арналған семинар-трениг өтті.

«Аманат» азаматтық платформасы сайлаудың әділ әрі зай талаптарына сәйкес жүзеге асуын бақылайды. Бүгінде өңірімізде барлығы 889 сайлау учаскесі бар. Облыста 16 аудан болса, оның әрқайсысына бір-бір мобильді капитаннан сайланып отыр.

 Бектай Орманов – "Аманат" азаматтық платформасының Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі

Мобильді капитандар өздерінің аудандарына барғаннан кейін сол бағытта жұмыстар атқарады. 9 - маусым саулау күні біз әрбір сайлау учаскесіне 1-1 бақылаушы қойып, таңның атысынан кештің батысына дейін әділ әрі заңдылық талаптарына сәйкес өтуін қадағалаймыз.

 Бұл саяси науқанның бұрынғы сайлаудан ерекшелігі кандидат қатарының көбеюі. Сондықтан сайлаудың ашық жүргізілуі, ақпарат алмасуы мен  сайлау учаскілерінің қолжетімділігі назардан тыс қалмайды.

 Мұсағали Дуанбеков – "Аманат" азаматтық платформасының өкілі  

Мақсатымыз – таза әділетті өтуіне өзіміздің үлесімізді қосу. 10 мыңдай сайлау учаскесіне бақылаушы қойып, ауқымдық мақсат көзделіп отыр. шара бойынша біз президенттікке үміткерлермен кездестік. Кеше Қызылордадан бастап, аймақты аралаудамыз.

Аманат ел аманатын адал атқаруды көздейді.  Сайлауды заңға сәйкес этикалық нормаларды сақтай отырып өткізуге мүмкіндік береді.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...