Ана мен бала алғысын арқалаған орталық

Екі айда 810 балаға жағдай жасалды. Түлкібас ауданындағы «Таң-Нұры» балалар жазғы демалыс орталығы биылғы жазғы маусымды осындай көрсеткішпен қорытындылады. Бұл лагердің ерекшелігі сол, балаларын көзден тасада қалдырғысы келмейтін аналарға да жағдай қарастырылған. Көптің алғысына кенелген демалыс аймағында тілшіміз Кенжехан Дүйсенбі болып қайтты.

16:36, 10 тамыз 2017   106

     Төбесі көк тіреген қырат, суы қорғасындай бұлақ, арша, шырша, құрақ - барлығы «Таң-Нұрындағы» күнделікті көрініс. Ал, шіліңгір шілдедегі салқын сая мен таза ауа демалушылардың жанын жадыратады. Қолайлы жерде орналасқан лагерьде басты мақсат - көптің көңілін табу, – дейді серіктестік директоры.

     Бұл орталықта балаларға барлық жағдай қарастырылған. Бес мезгіл тамақ, сауықтыру шаралары мен бассейн бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейді. 

     Айтқандай, бұл орталықта ата-аналарға да жағдай қарастырылған. Үлкендерге арналған төрт корпус емдеу-сауықтыру шараларын жүргізеді. Демалыс аймағына кәсіподақ арқылы көпбалалы аналар да келіп тұрады. Ем – дом қабылдап, балаларымен бірге демалады.

     Лагерьдің жабылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар да - өзге емес. Барлығы да - демалушылар. Өнер байқауы мен спорттық жарыстарда көзге түскендерге мекеме атынан мақтау грамоталары берілді.

     Жабылу салтанатында демалушылар көңілі қош көрген орталыққа қимастық тілектерін жеткізді. Лагерь қызметкерлерін ортаға шығарып, қошеметке бөледі. Жиын соңы дәстүрлі алау, от шашуға ұласты.

КЕНЖЕХАН  Дүйсенбі

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07