ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

«АНА ТІЛІ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12:51, 15 мамыр 2019

Шымкенттегі Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ана тілі және отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. Мегаполистегі орыс тілінде оқытатын жалпы орта мектеп оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдері бірлесіп қатысқан жарыс, дүбірлі додаға айналды.

Сәуір айының 8-де басталған «Ана тілі және отбасы» байқауына қаламыздағы 28 мектеп қатысқан. Жарыстың ерекшелігі сол өзге ұлт пен ұлыс өкілдері  қазақ тілінің мәртебесін асырды. Мақал – мәтелден жарысып қазақтың дәстүр-салтын насихаттады. Бұл жерде оқушымен қатар ата-ана, мұғалімдердің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген  ықыласы байқалды. Әр сынға сақадай сай дайындалған ұжымдарға  баға беру  оңай болмады –дейді қазылар алқасының мүшелері.  

 Әсет Әссәнди – қазылар алқасының мүшесі

 Мен қаланың мектептеріне тәнті болдым. Ұйымшылдығына ауызбірлігіне. Тіпті кейбір ұстаздар бала сияқты оқушылармен бірге қуанып жарысты. 29 мектептің ішінде санаулы ғана орын бар. Бізгеде баға беру қиынға түсті. Десекте әр мақал-мәтелді санап отырып дұрыс баға беруге тырыстық.

Сараптай келе мектептердің арасынан саңлақтар анықталды. Жүлделі үшінші орындарды № 30, №5, №10 жалпы орта мектептер еншіледі. Екінші орынға №43, №18, №36 жалпы орта мектептер лайық деп танылды. Бірінші орынды №45 мектеп иемденіп көптің көзайымына айналды.   Ал бас жүлде Зоя Космодемьянская атындағы № 23 жалпы орта мектебі жеңіп алды. Айта кетейік бұл мектеп былтырғы байқауда да бас бәйгені қанжығасына  байлаған екен. Жеңімпаз ұжымдарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Жанар Тойлыбаева – «Ана тілі және отбасы» байқауының бас жүлдегері

Осыған кез-келген жарысқа қолдау көрсеткен қатысушылардың арқасы әріптестеріме мың алғыс. Енді осы жобаны оқушылар қолдап ата-аналар қолдап кез-келген Қазақстандық қазақша сайраса деген ойымыз бар. Қазақ тілі дами берсін. Бізденде жоғары болып шығып жатсаңыздар біз тек ғана қуанамыз.

Бұл байқауда шәкірттер мен ата-аналардың білімі, тапқырлығы мен белсенділігіне баға берілді. Қазақтың дәстүр салтын қаншалықты меңгергендігі сыналды.  Байқаудың басты мақсаты әрбір қазақстандыққа  мемлекеттік тіл мен қазақ елінің салт –дәстүрін жетік меңгерту. Егемендік алғанына 28 жыл болған мемлекетіміздің төл ұлтының ұстынын биіктету.

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...