ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

12:44, 15 мамыр 2019

Өңірде орман дала өртінің алдын алу шаралары басталды. Шардара ауданының №15 өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары табиғатты тілсіз жаудан сақтап бағытындағы жұмыстарын пысықтады. Қазір ауданда 8 672 шақырым минералды жолақ жыртылды. Тұрғындардың қатысуымен халыққа түсіндірме жұмыстары мен бірнеше басқосулар ұйымдастырылды.

«Табиғатты аялайық, орманды өрттен қорғайық». Шағалалы Шардара ауданында өткен акция аясында табиғат аясына демалуға келгендерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Биыл көктем жауын-шашынды болды. Салдарынан жол жиектерінде шөп қалың өскен. Ол жазда өрттің белең алуына себеп болуы мүмкін. «Сондықтан жолда жүрген әрбір жолаушы азамат сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс»,-дейді мамандар

 Абай Сәтбаев – №15 өрт сөндіру бөлімшесінің маманы

Алда шомылу маусымы. Осы орайда құтқару бекетінің қызметкерлері де сақадай сай болуы тиіс.

Болат Тұрақұлов - №15 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы

Апат айтып келмейді!  Халық көп шоғырланатын шомылу орындарына ескерту парақшалары ілінді. Ағысы қатты, шомылуға тиым салынған орындарға қатаң ескерту тақтайшалары қойылды. Мамандар тұрғындарға шомылу кезінде резеңкелі құтқару жекеттерін өздерімен бірге алып жүрулеріне кеңес береді.

Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
21:35, 12 желтоқсан 2019
«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
СПОРТ  МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КЕҢЕС  ӨТТІ
20:07, 12 желтоқсан 2019
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
20:01, 12 желтоқсан 2019
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...