ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АПАТТАН САҚТАЙДЫ

16:12, 19 ақпан 2019

Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерге газ қондырғылары мен құбырлардағы ақауды алдын ала ескеретін дабыл қақыштар орнатыла бастады. «ҚазТрансГаз» АҚ-ы төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, бүгін шаһардағы бірнеше отбасыға осындай қондырғыны қойып берді. Енді осы құралдың арқасында көгілдір отынды пайдалану кезінде болатын төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғаларды болдырмауға мүмкіндік туды.

Жәнібековтер отбасы енді табиғи газдан  уланып немесе одан апат болады-ау деп уайымдамайтын болды. Газ қондырғысы тұрған бөлмеге  дабыл қаққыш орнатып алды.  Көпқабатты үйдегі  үш бөлмелі пәтерде 7 жан тұрады. Үйдің үлкендері зейнеткерлікте. Кішкентай немерелері бар.

Нартай Жәнібеков – Шымкент қаласының тұрғыны

Қазақ бекер айтпаған «Сақ болсаң, сақтаймын» деп Алдын ала сақтанған өзімізге пайдалы. Адамның өмірі бағасыз. Білмей қалып, мынадай дабылқаққыш болмаса, газ шыққан жағдайда адам өліп те кетеді. Талайын естіп жатырмыз. Соған әдейін осыны қойғызып жатырмын. 

 Ал, Темірбай Жанбосыновтың отбасы мұндай қондырығыны осыдан екі жыл бұрын үйге орнатып алған. Содан бері алаңсыз күн кешіп жатыр.

 Темірбай Жанбосынов  – Шымкент қаласының тұрғыны

Мен осы құралдың арасында отбасымның өмірі қауіпсіз екеніне сенімдімін Жуырда ғана өңіріміздегі Келес ауданында бір үйлі жан газдан уланып, қайтыс болды. Мынадай дабыл қаққыш болғанда  осындай қайғылы жағдайлар  болмайтын еді.  

Бұл қондырғы екі түрлі қызмет атқарады. Мұржадан түтін  тартпай қалғанда немесе  улы газ бөлме ішіне тарағанда құрал автоматты түрде дабыл қағады. Іле шала құбырға газдың келуін тоқтатады.

Биыл жылыту маусымы басталғалы шаһарда 6 рет қайғылы оқиға болып, 11 адам газға уланып  көз жұмған.  Жаңадан орнатылып жатқан дабыл қақыштар енді осындай келеңсіз жәйттердің алдын алуға және болдырмауға сеп жасамақ. 

 

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...