ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АППЕЛЯЦИЯЛЫҚ СОТ КІНӘСІЗ АЗАМАТТЫ АҚТАП ШЫҚТЫ

12:56, 14 мамыр 2019

Шымкентте екі көлік соқтығысып, оқиғаға жол полицейлері дұрыс хаттама толтырмаған. Бұл туралы Шымкент қалалық сотында өткен аппеляциялық сот отырысында анықталды. Сөйтіп, І сатыдағы сотта айыпты деп танылған азаматтың ісіне нүкте қойылды.

Оқиға ағымдағы жылдың 5-ақпанында Шаяхметов көшесінде орын алған. Екінші жолақпен келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлік үшінші жолаққа қарамай қайырылған. Салдарынан «Хюндай Туксон» көлігіне соқтығысқа. Оқиға орнына жеткен жол полицейі үшінші жолақтағы өлікті қарсы бетке шығып, озу әрекетін жасаған ,-деп хаттама толтырған.

Гүлмира Қыдырбаева – Шымкент қалалық сотының судьясы

Ол хаттамада азаматтың ҚР жол-көлік ережесінің 11.2 тармағы, яғни қарсы жолаққа шықты деп көрсеткен. Ол сотта расталып, азаматқа әкісмшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалып, айыппұл салынған.

І сатыдағы сот шешімімен келіспеген жүргізуші хаттама толтырған полицейдің үстінен аппеляциялық шағым түсірген. Өтініш негізінде азаматтың ісі қайта қаралып,  «Хюндай Туксон» автокөілігінің жүргізушісіне тағылған айып күшін жойды.

Гүлмира Қыдырбаева – Шымкент қалалық сотының судьясы

Біз осы іске қатысты видеолардың бәрін анықтап тексеру барысында азаматтың көлік айдау барысында ешқандай заң бұзушылыққа бармағаны анықталды. Сондай-ақ, ол кісіге тағылған айып күшін жойды. Енді ол азамат айыппұлды төлеген жағдайда ҚР заң талаптарына

Үш айға созылған сот ақ азаматты осылайша жақтап берді. Енді жол-көлік оқиғасының хаттамасын дұрыс толтырмаған полиция қызметкері де аппеляциялық сотқа қайта арыз беруіне құқығы бар. Айтып өтейік, шын мәнінде жол ережесін бұзып, екінші жолақтан бұрылған  көлік полицияға  тиесілі қызметтік көлік болған.  

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...