ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ- ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

12:38, 13 мамыр 2019

Биыл Жеңістің 74-і көктемі. Сол жеңісті жақындатып, бүгінгі бейбіт күн үшін күрескен ардагерлерді құрметтеу бүгінгі ұрпақ парызы. Арыстықтар сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлер мен азаттықтың ақ таңында өмірден өткен майдангерлерді еске алып, рухына тағзым етті.

Жеңіс күніне арналған салтанатты шара «Жеңіс скверінде» өтті. Ең алдымен қала әкімі бастаған қатысушылар мемориалға есімдері қашалып жазылған жауынгерлер құрметіне гүл шоқтарын қойды.

Мұнан соң, қаһармандарға тағзым етті. Бір минут үнсіздікпен еске алып, әскери рәсім бойынша аспанға бірнеше мәрте оқ атылды. Арыс қаласының  әкімі Мұрат Қадырбек соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ұлы жеңіс күнімен құттықтады.

 Мұрат Қадырбек - Арыс қаласының әкімі

Өз кезегінде қалалық мәслихат хатшысы да жан қиярлық күреспен қаза тапқан майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

Амантай Байтанаев - Арыс қалалық мәслихат хатшысы

  Ольга Викторовнаның балалық шағы соңыс жылдарымен тұспа тұс келген. Өткенді еске алған ол, бейбіт елдің тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Ольга Валентиновна - тыл ардагері

 Ал Балғынбай қажы Пердебеков  қиын-қыстау уақытта еңбекке ерте араласқанын айтады. Жеңіс күніне арнап жыр жазған ақын, тебірене оқып берді.

Балғынбай қажы Пердебеков - тыл ардагері

 Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары азайып барады.  Дәл қазір Арыс қаласында қан майданда жаумен қақтығысқан 2 ардагер ғұмыр кешуде. Салтанатты шара қала әкімідігі ардагерлерге арнап жайған дастарханмен жалғасты. Бабалар ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі күнді арыстықтар осылай атап өтті.

Ә. Дәулетбекқызы                                                         

Тақырып бойынша материалдар

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
21:35, 12 желтоқсан 2019
«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
СПОРТ  МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КЕҢЕС  ӨТТІ
20:07, 12 желтоқсан 2019
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
20:01, 12 желтоқсан 2019
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...