ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

17:17, 1 қазан 2019

Халықаралық қарттар күніне орай Түркістанда ардагерлер арасында бильярд пен шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды. Оған барлық аудан қаладан 90-ға тарта қарт қатысып бақ сынады. Сонымен қатар облыс орталығында мереке иелері үшін мерекелік дастархан жайылып, қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді.

Тастаяқтан өткен сайысқа әр аудан-қаладан 3 ардагерден қатысты. Олар алдымен бірнеше топқа бөлініп бір-бірімен кездесті. Сол сындарда жоғары ұпай жинағандар келесі айналымға өтті. Осылайша қарсылас шыдатпағандар жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Айтып өтейік, спорттың бұл түрінен біздің өңірдің ардагерлері републикада жоғары көрсеткішке ие.

Жеңісбек Мәуленқұлов – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Республика көлемінде 75 жасқа дейін біздер бірінші орынды берген емеспіз соңғы жылдары. 75 жастан жоғарының өзінде 1,2 орындарда келеміз. Мұның өзі біздің ардагерлеріміздің спортқа бейімділігі. Ары қарай олардың денсаулығын жақсы ұстау болатын болса, үшіншіден бұл біздің облысымыздың имиджі.   

 Ал, шахмат сайысына 16 аудан қаладан 32 ардагер қатысты. Олар алдымен топ-топқа бөлініп, кім мықтыны анықтады. Сол топта қара үзгендер ақтық сында бақ сынап жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Негізінде ардагерлер арасында ұйымдастырылған қос сайыстыңда мақсаты қариялар арасында ынтымақтастықты арттырып, бұқаралық спортты дамыту.

Мейіржан Мырзалиев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Бұл деген жастарға өнеге. Жастарымыз спортпен айналысуы керек. Бұл мемлекетіміздің басты саясаты. Жалпы қарттарға құрмет біздің басты назарымда.      

Ал, қариялар құрметіне орай жайылған дастарханға 200-дей ардагер қатысты. Олар барлығыда елдің дамуы үшін талмай тер төккендер. Шара кезінде өңірдің өркендеуі жолында еңбек еткен бірқатар қарияға құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.

М. Жарылқасын                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар