ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ДЕМАЛЫСҚА АТТАНДЫ

14:37, 9 шілде 2019

Арыс халқына жан-жақты қолдау көрсету - басты назарда. Осыған орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен арыстық ардагерлер шілде-тамыз айларында кезекпен демалысқа жіберілетін болады. Зейнеткерлердің алғашқы тобы 15 күн бойы Шымкенттегі "Мейір" ардагерлер үйінде тынығып келеді.

Дариға Тілеубергенова - Арыс қаласының тұрғыны. Немере бағып бейқам жүрген зейнеткер төтенше жағдайдан кейін шошынып та қалыпты. Жағдайды ескерген жауапты мамандар Дәриға апаға ғана емес, Арыстағы барлық зейнеткерге демалып, денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік берген. Ардагерлерге әлеуметтік көмек ұсынып, демалысқа жолдама бергені - көңілімізді көтеріп тастады, - дейді ол.

Дәриға Тілеубергенова - Зейнеткер

Зейнеткерлер демалыс кезінде тек сауықтыру шараларымен шектелмейді. Түрлі концерттік бағдарламалар, медициналық тексеру мен басқа да қызметтерді тегін алады.

Мадина Есімова - Түркістан облыстық жұмыспен қамтумен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Арыс қаласында жалпы саны 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Тамыз айының соңына дейін дәл осындай жүйемен 1360 зейнеткерді демалысқа жіберу жоспарлануда.

Д. Нахыпбек                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...