ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

12:32, 26 наурыз 2020

Биыл Ұлы жеңістің 75 жылдығы. Мерейлі мерекеге бәйдібектік еріктілер де үн қосты. Ел басына күн туғанда көкірегін оққа тосқан соғыс ардагерлеріне аудан азаматтары құрмет көрсетіп, тарту таралғы жасады. Қашанда игі ісімен үлгі болатын аймақ тұрғындары көзі тірі батыр бабаларына кемел келешек үшін алғыс айтты.

Қалдар Исаханов 1942 жылы әскерге шақырылды.  Араға бір жыл салып бөлімше командирі ретінде Сталинград маңындағы Карпов станциясына соғысқа кірді. 369-шы карашов атындағы гвардияның 25 полкінің құрамында болды. Беларуссия маңында ауыр жарақат алып, 8 ай госпитальда жатты

Қалдар Исахан – Ұлы Отан соғысының ардагері

Сұрапыл соғыстың куәгері 1944 жылы елге оралды. Қанды шайқастың салған зардабынан бүгінде 2 топтағы мүгедектікке шалдықты. «Отан соғысы» орденінің иегері. Отанға қайтқан соң Ақтас колхозында есепші, мектеп мұғалімі, директоры болып қызмет етті. Бүгінде қариядан тараған10 перзент, 36 немере мен 18 шөбере батыр ұрпағы екенін мақтаныш тұтады.

Жеңіс туын желбіретіп, азаттық таңын атырған қариялар бүгінгісіне тәубе деседі. Бейбіт күн үшін барын салып, қасық қаны қалғанша оққа кеудесін тосқан ардагерлерге көрсетілер құрметтің бұл соңғысы емес. Батырлар ерлігін дәріптейтін шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Д.Өмірзақова                                                   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...