ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

АРМАН ОСПАНОВ - МАҚСАТ ЖОЛЫНДА НАҚТЫ ІСКЕ КӨШТІ

15:23, 10 шілде 2019

UFC деген ұйым бар. Күллі әлемнің кіл мықтыларын бір арнаға тоғыстырып, әлемдік спорт сүйер қауымды өзіне қаратқан. Қазақ баласы дәл осы аренада атой салып өнер көрсететін күнді жерлеріміз асыға күтуде. Ол күннің ауылы алыс емес. Себебі, жерлесіміз Арман Оспанов осы мақсатта нақты іске көшті.

Арман Оспанов қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген, жергілікті самбо мектебінің жарқын өкілі. Жауынгерлік Самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсудан әлем кубогының, Азияның екі дүркін чемпионы, кезінде «Аlash Pride» құрамында өнер көрсетіп, аралас жекпе-жек өнеріндегі керемет шеберлігінің нәтижесінде ММА алаңдарында талайларды тамсандырып, таңқалдырған бірегей спортшы.

 

Енді «Сұңқар» лақап атымен атағы шыққан спортшымыз UFC тұжырымында актагонға шығу үшін дайындықты күшейтті. Әли Абдел Азизбен үш жылға келісімшартқа отырып, бір жарым жылдай бірге жұмыс істеп келеді. Ол қазір батырымызды UFC тұжырымына кіргізу үшін бар мүмкіндікті оңтайлы пайдалануға әрекет етуде. «Америкада «Jackson Wink MMA» академиясындағы бапкерлермен бір команда болып жұмыс істеуге шақырған. Бұл UFC-дің шыңын бағындырудың төте жолы іспетті.

 

Арман Оспанов  - спортшы

 UFC шыңынан көріну үшін қазір нақты жұмыстар атқарылып, жоспар түзілген. Осы жылдың ішінде немесе келер жылы жерлесімізді үлкен аренада көріп қалуларыңыз әбден мүмкін. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
18:14, 9 шілде 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...