ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

АРМРЕСТЛИНГ ЖӘНЕ ГІР КӨТЕРУ АШЫҚ БІРІНШІЛІК

15:19, 15 наурыз 2019

Шардара қаласындағы спорт кешенінде Жастар жылына арналған "Жастар спортпен бірге" - атты ұранмен жарыс болып өтті. Армрестлинг және гір көтеру спортынан бақ сынаған жарысты Түркістан облысы №4 ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.

 Облысымыздың барлық аудандарынан және Шымкент қаласының спортшылары қатысқан жарысқа кіл мықтылар іріктеліп келген. Айтула дода да қол күрес шеберлерінің ең мықтылары айқындалды.Ашық біріншілікте қыздар арасында 60 келіден жоғары  салмақта бақ сынаған Ұлбала Камал  1 орын иегері атанып, алтыннан алқа тақты.   

 Ұлбала Камал – жарыс жеңімпазы

  • Менің осы қол күрес спорт күресін таңдаған себебім. Осы спорт тұрінен әлем чемпионы болу деген ой жетелеп келді. Мен 2017 жылы ел чемпионы болды. 2018-2019 жылы ересктер арасында ҚР чемпионы болдымым. Азияның бір дүркін, әлемнің бір дүркін чемпионы болдым. Мен осы спортты Лаззат Мәлікайдар апкеміз сияқты ересектер арасында чемпион болғым келеді.

 Ал, гір тасын көтеруден сынға түскен Бағжан Нұрғалиұлыда үздік деп танылды. Айта кетейік, Бағжан жуырда ғана Ақтөбе қаласына өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Бағжан Нұргалиұлы – жарыс жеңімпазы  

  • Осы спорт түрімен 3 жылға жуық уақыт болды қатысып жатқаныма. Мен осы спортты таңдаған себебім,  бірінші келген кезімде осы спорт түрі  қатты ұнады. Осы спорт түрімен шұғылданып соңына дейін жетемін деп шештім. Алдағы мақсаттарым, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанғым келеді.

 Шара соңында жеңіске жеткен спортшыларға ұйымдастырушылар атынан  алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...