ШҰҒЫЛ! ОТЫРАРДА ШИПАЛЫ ШҰБАТ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ Толығырақ

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА 200 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

12:43, 11 қаңтар 2019

Елбасының жарлығымен құрылған Түркістандағы арнайы экономикалық аймақ бұйыртса биыл іске қосылады. Аумағы 400 гектар жердің құжаттары дайын. Жақын арада инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары басталмақ. Ал осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап, аймаққа жобаларды орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Арнайы экономикалық аймаққа айналатын 400 гектар жерге болашақта 200 жобаны орналастыру жоспарланған. Бүгінде жердің құжаттандыру жұмыстарын қалалық кәсіпкерлік бөлімі жүргізуде. Жобаларды іріктеп, олардың жүзеге асуын арнайы экономикалық аймақ дирекциясы қамтамасыз етеді. Арнайы экономикалық  аймақ Түркістандағы  индустриалды аймақ жанына қоныс тебеді.  

Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Қазір индустриалды аймаққа барлық инфрақұрылым жүйелері тартылып қойған. Енді сол инфроқұрылымның барлығын арнайы экономикалық аймаққа қарай созамыз. Ол жерге су, свет, газ барлығы жеткізіледі..

Ал, арнайы экономикалық аймақта жүзеге асқан жобалар мемлекет тарпынан жеті бірдей жеңілдікке ие болады. Атап айтқанда осы жердегі жобаларды жүзеге асыруға қажетті шеттен әкелінген заттарға кедендік құн салығы ұсталмайды. Сонымен қатар 10 жылға дейін жерді тегін пайдаланады. Ал, комуналдық тарифтер құны 35 пайызға дейін жеңілдетілмек.

Облыс орталығындағы өндірісті өркендететін аймақты тездетіп іске қосу үшін бүгінде қала және облыс билігі тиісті жұмыстарды атқаруда.

М.ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

40  МҰҒАЛІМ  СТАМБУЛДА ТӘЖІРИБЕДЕН  ӨТТІ
17:49, 15 қаңтар 2019
40 МҰҒАЛІМ СТАМБУЛДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
17:09, 11 қаңтар 2019
ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ Т...
Толығырақ...