ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ

14:23, 12 шілде 2019

Арыс қаласындағы зақымданған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үкімет басшысының тікелей назарында. Бүгінгі таңда Арыстағы шаруаны үлесіне алған кейбір өңірлер құрлыс жұмыстарын кенжелетіп отыр. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына жасаған сапар барысында жұмысы баяу өңір өкілдерін сынға алды.

Апатты аймақ 17 секторға бөлініп жауапты  әр өңір құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары еншісіне алған секторларда жұмыс қызып тұр. Құрылысшылар алғашқы жөнделген үйлерді тұрғындарға тапсырып та үлгерген. Десек те кейбір облыстардың жұмысы баяу. Асқар Мамин енжар өңірлердің өкілдерін сынға алды.

 Асқар Мамин - ҚР Премьер-Министрі

Қостанай облысы, Маңғыстау, Нұрсұлтан қаласы және Алматы қарқындары төмен. Әкім орынбасарлары осында. Соның ішінде Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бюджет қаражатынан жүргізілуде. Жергілікті атқару органдары атсалысуда. Ал Самұрық қазына 7 млрд теңге аударып отыр.

 Үкімет басшысы зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды уақытылы қалпына келтіруді тиісті сала өкілдеріне тапсырды.  Медициналық қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды және білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дейін  дайындауды қадап айтты.  Арыста 8483 тұрғын үй  бар. Оның 7010-ны жөндеуді қажет етеді. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев   атқарылған шаруаларды баяндады.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Қалпына келтіруге жатпайтын 152 нысан бар оның бәрін сүріп қайтадан тұрғызып жатырмыз. Ағымдағы жылда барлық олқылықтарды түгел жоямыз деп жоспарлап отырмыз.

Басты мәселе жөндеуді қажет ететін тұрғынүйлерді тез арада егелеріне тапсыру. Үкімет басшысыныңда Арысқа келгендегі басты мақсаты осы. Сөгіс алған өңірлер өз секторындағы шаруаларды пысықтауға уәде берді. Болжам бойынша  ағымдағы жылдың 1-ші тамызына дейін зақымданған үйлерді толық қалпына келтіру жоспарланып отыр.

 

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...