ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ

16:53, 6 қыркүйек 2019

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадірбек ел Президентінің жолдауын қолдап, өз баяндамасын жария етті. «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» атты үндеу еліміздің экономикасын көтеруге бағытталған. Аталмыш жиынында қала әкімі басым бағыттардың іс жүзінде жүзеге асуы үшін нақты тапсырмалар мен жоспарын жеткізді.

Ел Президентінің алғышқы үндеуі Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, экономиканың өсімі мен қарқынды даму үдерісіне жол ашады. Жиында қала активінің ұсыныстары тыңдалып, қала басшысының бірқатар шешімі айтылды. Оның бірі  халықпен диалог орнатуың тиімді жолын ішкі саясат бөліміне тапсыруы.

Сондай-ақ, саясатта сабағы көп, тәжірибесі мол тәлімгерлердің басын біріктіріп «Саяси старт ап» жобасын ұсынуы жаңа мүмкіндіктердің кілті болмақ.

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі

Ел Президенті көптеген арыз-шағымдардың жергілікті орындарда шешілмей, Ақордаға келетінін айтты.Бұл да маңызды мәселе. Сондықтан қала  әкімдігі аппаратына азаматтардың өтініштерін бақылауды күшейтуді  тапсырамын.

 

Арыз-шағымдардың жергілікті орындарда шешілмеуі де өңір басшылығына жүктелген маңызды мәселе. Сондықтан қала әкімі әкімдіктің аппаратына азаматтардың өтініштерін бақылауды күшейтуді  тапсырды. Арыз-шағымның санын азайту үшін мәселені  тез арада шешу керек.  Осылайша Арыс қаласының әкімі бөлім басшыларына нақты тапсырмаларын жүктеп берді. 

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің қоғамда рөлі өте үлкен. Ауылдық округ  әкімдері мен  бөлім басшылары әлеуметтік желіде қоғамдық қабылдау парақшаларын ашуы керек. Сондай-ақ менің орынбасарларым айына1 рет, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары аптасына 1 ретхалықпен кездесу үшін «Nur Otan» партиясы қалалық  филиалына диалогтық алаңға келуін тапсырамын.

 

Бірқатар тапсырмалар мен маңызды мәселелердің жайы май шаммен қозғалған жиын соңында қала әкімі еліміз бен Арыс қаласын дамыту бағытында аянбай еңбек етуге шақырды.

Н. Мұхамеджанұлы                                                                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар