ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЕМДЕУ САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕСІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

17:08, 18 шілде 2019

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Арыс қаласының 35 тұрғынына жолдама берді. Денсаулығына байланысты емханада есепте тұратын емделушілер енді түлбастағы «Ақсу жабағылы» емдеу-сауықтыру мекемесіне барады.

Шіліңгір шілдеде таудың салқын самалы мен саф ауасы да таптырмас ем.   Денсаулық сақтау саласының  мамандары Арыс тұрғындарына осындай мүмкіндік берді. Бір мезгіл денсаулығына қарап, тынығып қайтуды ойластырған арыстықтарға айтарлықтай демеу болары сөзсіз.  

Айдынбек Наркабулов-Облыстық Клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Бұл соңғысы емес алдағы уақытта да осындай шаралармен көмек беру ойымызда бар. 

 Назерке Нұрлыбайқызы – өзіне мұндай ұсыныс болады деп күтпеген еді.  Садықбек Адамбеков атындағы жалпы орта мектептің тарих-география пәнінен дәріс беретін мұғалім  бұл ұсынысты бірден қабыл алды. Себебі еңбек етіп жүрген 11 жыл ішінде өз денсаулығына қарауға мүлдем уақыттың болмағанын айтады. Бүйрегі жиі ауырып мазалайтын ол осы сәтті пайдаланып, жақсылап емделуге бел байлапты.

Назерке Бегалиева-Арыс қаласының тұрғыны /біз өте қуаныштымыз. Еліміз тыныш болсын. Ешқашан жамандық болмасын/

Арыс тұрғындары бүгін «Ақсу Жабағылы»  емдеу-сауықтыру   орталығына аттанып кетті. Енді олар он екі күн бойы Алатау бөктерінде дертіне ем алады, тынығып демалады.

А.Байтүгелова                

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...