ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ҚАҚПАСЫ АШЫЛДЫ

20:09, 10 қазан 2019

Арыс қаласының бас қақпасы ашылды. Архитектуралық нысан републикалық кәсіподақтар федерациясының демеушілігімен салынды. Осылайша қалада тағы бір сәулетті келіскен кешен бой түзеді. Қазақ елінің ымыралы ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында қала күн өткен сайын ажарланып келеді.

 Арыс қаласының кіреберіс қақпасы шаһардың тағы бір сәулетті туындысына айналды. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын мойнына алып, қаржыландырған - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы. Ашылу салтанатына федерация төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау тілектерін білдірді.

 Ералы Тоғжанов – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Аймақ басшысы өз сөзінде қақпаның құрылысын қолдап, көмек берген еліміздің Кәсіподақтар Федерациясы басшылығына алғысын білдірді. Арыс қаласының көркейіп, гүлденуіне бір кісідей жұмыла кірісу бүкіл елге ортақ іс болды. Қаланың  Бас қақпасы соның тағы біл дәлелі іспетті. Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Ашылған қақпадан алғашқы болып облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы бастаған топ жаяу жүріп өтті.

 Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

  Сын сағатта сабырлық сақтап 50 мың халықты қауіпсіз жерге көшіріп, ерен еңбек үлгісін көрсеткен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды. 

Облыс әкімі төс белгі

 Сондай – ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан бірқатар азаматтар ҚР Премьер – Министрінің және Республикалық Кәсіподақтар федерациясың «Алғыс хатымен», Кәсіподақтар федерациясың «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды .Жиын соңында Түркістан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында әлеуметтік әріптестік меморандумына қол қойылды.

Н. Мұхамеджанұлы              

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ АЛДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
13:21, 20 қаңтар 2020
ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ АЛДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
Толығырақ...