ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

«АРЫС ЛОКОМОТИВ» ДЕПОСЫНДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА КЕЛДІ

12:44, 12 шілде 2019

"Арыс локомотив" депосында орын алған өрт ауыздықталып, жағдай толық қалыпқа келтірілді. Ал әлеуметтік желіде таралған "Луна бомбасы жарылады",-деген жалған ақпаратқа байланысты да мамандардың айтары бар. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы жағдайдың дәл бүгінгі көрінісі көпшілікке қызық. Осы сауалдардың жауабын тиісті сала мамандары баспасөз брифингінде баяндады.

"Луна бомбасы жарылады Арысты тастап, қашыңдар ағайын", - деген жалған ақпарат сізді елең еткізген шғар. Сақ болыңыз! Алып-қашпа ақпараттарға сенбеңіз.ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Қайыргелді Құсайынов бұл хабарламалардың жалған екенін айтып, жоққа шығарып отыр.

Қайыргелді Құсайынов - ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі

 Күні кеше Арыс локомотив депосының жөндеу цехы мен әкімшілік ғимараты отқа оранып еді. Жедел іске кіріскен өрт сөндірушілер кеш батқанша ауыздықтап үлгерді. Осы жағдайға байланысты Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Запаров ресми мәлімдеме жасады.

Бақытжан Запаров -Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы

 Баспасөз брифингінде журналистерді қызықтырған тағы бір сауал Арыстың бүгінгі-жай күйі. Осыған байланысты Арыс қаласы әкімінің орынбасары ақпарат берді.

Рысдәулет Айтбаев - Арыс қаласы әкімінің орынбасары

 Баспасөз брифингіне айтылған негізгі үш мәселе осы. Айта кетейін, Арыстағы төтенше жағдайға байланысты күн, сайын нақты әрі ресми ақпарат тисті сала мамандары тарапынан айтылып отыр. Оны біздің арнадан да көре аласыздар.

Динар Нахыпбек                                                

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...