ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

АРЫС ТЕМІР ЖОЛ

14:11, 10 қазан 2019

Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - темір жол вокзалында болды. Билік өкілдері темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар мен көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Алайда, қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүргізді. Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар кенті. Сол себепті де, халқының басым көпшілігі шойын жол саласында қызмет етеді. Айта кетерлігі, биыл Арыс қаласының 1- теміржол вокзалына 115 жыл толады. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы  ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа қалар көне жәдігерлердің бірі болып сақталады.

М. Жорабай                                                  


 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ АЛДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
13:21, 20 қаңтар 2020
ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІҢ АЛДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ
Толығырақ...