ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

АРЫС ЖАЙЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ

16:21, 25 маусым 2019

Арыста орын алған мәселе Түркістан қалалық мәслихатының кезекті 48 сессиясында қаралды. Сессия отырысына келген халық қалаулылары төтенше жағдайдың зардабын ел болып еңсеру керектігін сөз етті. Ол үшін облыс орталығының депутаттық құрамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Апат орын алған күннен бастап түркістан халқы арыстағы ағайынға белсенді түрде өз көмектерін ұсынды. Атап айтқанда, азық-түлікпен киім-кешектен бөлек, азаматтарды эвакуациялау жұмыстарына қалалық жолаушы серіктестігі 20-ға жуық қоғамдық көлікті жұмылдырды. Сонымен қатар қалаға келген азаматтарды жайлы орын ыстық тамақ пен қамту үшін қала тұрғындары да белсенділік танытуда. Осындай мәселелер айтылған бүгінгі сессияда сегіз бірдей мәселе талқыланды. Алдымен депутаттар, қалалық бюджеттің 2018 жылғы орындалуына назар аударса одан кейін қалалық білім бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімдері басшыларының 2018 жылы атқарған жұмысының есебін тыңдады. Сонымен қатар бүгінгі отырыста сессияның 2108 жылғы қос бірдей шешіміне өзгеріс енгізіліп, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның құрамы қайта бекітілді. Ал, сессия соңында сөз алған қала әкімінің орынбасары барлық мәселеге бір ауыздан қолдау көрсеткен депутаттарға Арыстағы төтенше жағдайдың алдын алуда да ауыз біршілік танытуға шақырды.

 Жандос Байырханов – Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Облыстық әкімшіліктен қоғамдық қор құрылды. Түркістан әлеуметтік-коорперативтік қор деген. Сол қорға қаржылай қол ұштарыңызды берсеңіздер болады. немесе Арыс әкімшілігінде арнайы штаб құрылған сол жерге апарып берсеңіздер де болады.  
 

М. Жарылқасын                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...