ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АРЫСҚА ӘР КІРДІ

18:24, 3 қыркүйек 2019

Арыстағы апат кезінде қираған 68 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. 15 көше мен 15-тен аса кәсіпкерлік нысандар қайта қалпына келді. Қысылтаяң кезеңде еліміздің барлық өңірі Арысты қайта түлету үшін 17 секторға бөлген болатын. Бүгінде 6-шы сектор өз жауапкершілігіндегі жұмыстарды аяқтап, тұрғындардың жүзіне қуаныш ұялатты.

6-шы секторда орналасқан тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды қалпына келтіру Қызылорда облысы мен Созақ ауданының жауапкершілігінде болатын. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 300-ден аса маман тартылған. Сондай-ақ, еріктілер де Арысты түлетуге өзіндік үлес қосты.

МЕЙІРЖАН МЫРЗАЛИЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ҚАЙРАТ ДӘРІБАЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС-СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Күннің аптап ыстығын елемей құрылыс жұмыстарын жүргізген мамандарға тұрғындар дән риза. Баспанасына қолы жеткен  халықтың көңіліндегі күдік сейіліп, бейбіт күнде бейпіл ғұмыр кешкеніне шүкіршілік етуде.

ҚАЛАМҚАС ӘУЕЗОВА - АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Арысты түлетуге ат салысқан азаматтар еңбегі ескерусіз қалмады. Құрылыс жұмыстары кезінде белсенділік танытқан қызметкерлер марапатқа ие болды. Ал, тұрғындар қаланы абаттандыруға ат салысқан мамандарға ақ батасын беріп, алғысын айтты.

Д.Өмірзақова                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...