ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

АРЫСТА 1103 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

19:18, 16 шілде 2019

«Арыс қаласы толығымен қалыпты жағдайға келді». Бүгін қала әкімі Мұрат Қадірбек баспасөз мәслихатында осындай ақпартты жария етті. Атқарылған жұмыстар жайын саралаған әкім 1103 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілгенін жеткізді. Ал, бір реттік өтемақы келесі аптадан бастап тұрғындарға берілетінін болады.

Арыс қаласында апаттан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы күннен бастап 180 ерікті психолог көмек көрсетуде. Баспанасыз қалған тұрғындарға қаладағы Молдабаев атындағы орта мектептен 800 орын дайындалған.  Олар жатын орынмен, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. 650 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төлем жүргізілген. Қала әкімі алдағы аптада бір реттік 100 мың теңге өтемақы беріле бастайтынын жеткізді.

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі

 Қалада әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстарға 1097 құрылысшы маман тартылып, 47 техника күші жұмылдырылған. Ал, 1103 тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, бүгінде пайдалануға берілген.

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы  - тілші

 Арыс қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Өмірқұл Омаров қала аймағында орналасқан мал қорымдарында Сібір жарасына қатысты ешбір қауіп анықталмағанын жеткізді. Еске салсақ бұл туралы ғаламтор беттерінде мал қорымында сібір жарасы обасы бар деген мәлімет тараған  еді.

Өмірқұл Омаров – Арыс қалалық аумақтық инспекциясының  басшысы

Қазіргі таңда мал қорымдары зақымданбаған. Барлық талаптарға сай сақтаулы. Олар үнемі ветеринария қызметкерлерінің қадағалауында. Қорымдарға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Сол аумақтағы топырақтан ұдайы сынақ алынып отырады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша ешбір қауіп анықталмаған. Жалпы бүгінге дейін қорымдардан сібір жарасына қатысты ешқандай мәлімет тіркелмеген.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы  - тілші

  Жиын соңында қала әкімі Мұрат Қадірбек, тұрғын үйлердің құрлысы толық аяқталғаннан кейін, өзге де мүліктік шығындарына өтемақы қаралатынын айтты.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...