ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Толығырақ

АРЫСТА «МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ» БАСТАЛДЫ

14:37, 9 шілде 2019

Бүкілхалықтық "Арыс. Біз біргеміз" акциясы жалғасуда. Игі шарадан еліміздің барлық аймағындағы ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер, жеке азаматтар шет қалған жоқ. Бұл жолы Алматыдан арнайы келген StartTime порталының ұжымы арыстық мектеп оқушыларын қуантты. Олар мектеп жасындағы балалардың тізімін жасап, оларға мектеп формасы мен жазу-сызу құралдарын және сөмке таратты. Енді арыстық 100 оқушы жаңа оқу жылына сақадай сай.

Шолпан Татаева "алтын алқа" иегері. 7 баласының алды студент, кейінгілері мектеп жасында. Арыста апат орын алғанда бұл отбасы да туыстарды жағалап, біраз қиналыпты. Дегенмен, қиындық артта қалды.  Әкімдік қайта-қайта хабар алып отыр. Жомарт жандар бір кісідей көмек қолын созып, бар жағдайымызды жасап жатыр, - дейді. Бүгін де Старт тайм жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кішкентайларға сыйлық үлестірді. Отанасы да, балалары да дән риза. Биылғы мектеп жабдықтарына алаңдамаса да болады.

 Шолпан Татаева - Арыс қаласының тұрғыны

 Арыстағы Жангелдин мектебінің маңына жиналған Шолпан секілді жүздеген ата-ана бар. Барлығының қолы бос қайтпайды. Стартайм компаниясның ұжымы жалпы сомасы 1 млн 400 мың теңге көлеміндегі оқу құралдарын балаларға базарлық етіп таратты. Асармен айналысатын ұжым бұл соманы 400 қазақстандықтың қолдауымен жинапты.

Азиза  Өтегенова -  StartTime ЖШС-ның директоры

Біз Алматыдан келдік. Компаниямыз асармен айналысады. Осы соманы жинау үшін 400 қазақстандыққ бірікті. Негізгі жиналған қаражат 2 млн 700 мың теңгені құраған. Оның барлығы арыстықтардың игілігі үшін жұмсалды. Артылған ақшаға балаларды да қуантайық деп шештік.

 Аталмыш ұжым қайырымдылықты әлі де тоқтатпайды. Алдағы уақтта арыстықтардың сұранысына қарай қажетті көмекті көрсетеміз деп отыр. Сабыр мен бірлік сыналар шақта адамдық борышты ұмытпаған абзал. Бұл - старттаймдыұтардың басты қағидасы.

Динар Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
18:48, 6 желтоқсан 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...