ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АРЫСТА ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

16:20, 25 маусым 2019

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласының аумағына полиция бекеттері қойылғанын хабарлады. «Қазір Арыс қаланың периметрі бойынша бекеттер қойылған. Қалада ешкім жоқ. Зақымдалған тұрғын үйлер, жарылмаған снарядтар бар. Азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынған, - деді ол Үкімет отырысында.

Министрдің  мәліметтеріне сәйкес, қалада ұрлыққа жол бермеу мақсатында  75 полиция тобы  жұмыс істейді.  «Бір дүкен тонап, бір тұрғын үйден ұрлық жасаған үш адам ұсталды, — деп нақтылады Тұрғынбаев. Естеріңізге сала кетейік,  24 маусым күні  Арыс қаласында әскери қоймада жарылыс болды. Бір  тұрғын  мен  бір  әскери қызметші қаза тапты. Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық авиацияның аймақтық бөлімшесінен алынған ақпаратқа сәйкес, Шымкентте  медициналық көмекке 165 адам жүгінген.  Оның  76-сы  көрсетілген  медициналық  көмектен  кейін  амбулаториялық  бақылауға   жіберілді.  89  пациент  стационарлық емдеуге  жатқызылды.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...