ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

АРЫСТА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

19:09, 17 шілде 2019

Бүгін Арыс қаласының аумағында санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен өткен шарада 940 адам қатысып, 26 шақырым аумақ тазартылды. Таза қаланың тынысы кең деп ұрандатқандар 92 тонна күл - қоқысты қала сыртына шығарды.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы – тілші

Жалпы қалалық сенбілік аясында қала аумағы тазартылып, көше бойы мен жаяу жолдың қоқыстары жиналды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері қатысып, атсалысуда. Мына мен тұрған Майлықожа көшесінде Арыс қалалық денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері мен бөлім басшылары еңбек етуде. Таңғы сағат 7:00 де басталған сенбілік жұмыстары жүктелген міндет толық орындалғаннан кейін аяқталмақ.

Асхат Кенжебеков – Арыс қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Сенбілікте  Арысты қайта қалпына келтіруге өз үлесін қосып жатқан 17 сектордың жұмысшылары мен еріктілері де бой көрсетті. Оныншы сектордың әлеуметтік жұмысын қолға алған Кентау қаласының белсенділері сенбіліктегі тазалақтан бөлек күн сайын қаладағы 13 көшені ретке келтіруді өз мойнына алған. Жергілікті халық жұмысымызға жоғары баға беруде дейді сектордың штаб жетекшісі.

Арман Басаров - №10 сектордың Кентау қаласы бойынша штаб басшысы

Сенбілікте үй іргелік ауласын тазартқан қала тұрғындары да бұл игі іске белсене қатысты. Осылайша Арыста жарылыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқын алып отыр.

 

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы         

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...