ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ

12:21, 18 шілде 2019

Павлодар облысының әкімдігі Арыс қаласының 300 оқушысын қабылдайтынын айтқан болатын. Осыған дейін бірінші лекпен 130 бала барғаны белгілі. Енді екінші кезеңде тағы 173 оқушы Ертіс өңірінің табиғаты көркем жерінде жазғы демалысын өткізетін болды.

Арыстан келген екінші топта 173 жас жеткіншек бар.  Келген қонақтардың арасында тәрбиешілер де бар. Олар балаларға бас - көз болу үшін тәрбиеші қызметінде лагерде жұмыс істейді. Соның бірі - Салтанат Орынбасарова.

 САЛТАНАТ ОРЫНБАСАРОВА - АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-Павлодар қаласына бірінші рет келіп отырмыз. Демалысымыз жақсы өтеді деген сенімдеміз. Сіздерге көп-көп алғысымызды жолдаймыз. Менің үш балам бар. Екеуі келді, біреуі қалды. Мен осы 173 баланың тәрбиешісі болып сіздерге қонаққа келдік.

Арыстан келген Нұрбақыт Тортай 12 жаста. Отбасында 3 бала. Нұрбақыт өзінің 6 жастағы Нұрдәулет есімді інісімен және анасымен бірге келген. Барлығы да солтүстік өңірге алғаш рет аяқ басып отыр. 

НҰРБАҚЫТ ТОРТАЙ - АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-Мен Арыс қаласында тұрамын. Павлодарға келгеніме өте қуаныштымын. Ініммен және анаммен келдім. Осы лагердегі 10 күнім жақсы өтеді деп ойлаймын.

 Қарсы алушылардың қатарында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов болды. Ол балаларға өңірдегі мұражайлар мен басқа да мәдени орындарына экскурсия ұйымдастырылатынын айтады.

 - АСХАТ ОРАЛОВ - ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

-Екінші кезеңде келген балалар Ақсу Мен Шарбақты аудандарында болса да, біз арнайы Баянауылға саяхат жасап, барша әдемі табиғатымызды, жерлерімізді көрсетеміз деген жоспарымыз бар.

Қазір өңірде балаларды қабылдауға бірнеше жазғы лагерлер дайын. Арыстан келген 173 бала бірден екі топқа бөлініп Ақсу қаласындағы «Феррақорытпа» зауытының лагері мен Шарбақтыдағы «Шағала» демалыс орнына аттанады. Естеріңізге  сала кетсек, Арыстан келген алғашқы топтағы  130 бала мен бастап келген тоғыз тәрбиеші Баянауылдағы «Жас Дәурен» лагерінде демалуда.

 

А. Мәулен                                                

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...