ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

АРЫСТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

12:33, 8 тамыз 2019

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қаладағы алтыншы секторға бекітілген Қызылорда облысы мен Созақ ауданы өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін жақсы сезінеді. Тұрғын үйлерді жөндеу барысында әрбір тұрғындардың талап-тілегін ескеріпті.

Арыс қаласының тұрғыны Бауыржан Бекзатаевтың үйі саманнан салынған. Төтенше жағдай орын алған уақытта үйіне айтарлықтай зақым келген. Баспанаға күрделі жөндеу жұмысы қажет ететіндігін арнайы комиссия қорытындысы да нақтылап берген. Тұрғын үйлерді жөндеу барысында әрбір тұрғынның талап-тілегін ескерген жұмысшы топ, әлі де үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпаған.

 Ақәділ Сатыбалды - Созақ ауданы әкімінің орынбасары

-Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін келдік.

Үй иесі де мердігер компанияның қасында жүріп, құрылыс жұмыстарының бірге жүргізуге ниетті. Ал, КөшеноваРахиманың үйінің қабырғасына ешқандай зақым келмепті. Тек, дүмпудің салдарынан үйдің шатыры ұшқан. Бүгінде, баспананың шатыры профнастильмен жабылып, сыртқы қасбеті де ретке келген. Осы жұмыстың бас-қасында жүрген барлық азаматтарға Рахима апаның айтар алғысы шексіз.

Рахима Көшенова- Арыс қаласының тұрғыны

-Бала-шағаларын тастап, осында арысты қалпына келтіру жұмыстарына ат салысқан барша азаматтарға айтар алғысым шексіз.

 Айта кетейік, 6 секторға қарасты 268 тұрғын үй бар. Бүгінде 182 үй толық қалыпқа келіп, тұрғындардың пайдалануына берілген. Қалған 80 үй тамыз айының 20-сына дейін аяқталуы тиіс.Ал, жарамсыз деп танылған екі үйдің біріне баспана сатып алынса, енді біріне жаңа үй салынатын болады.

Р. Бақытжанқызы                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...