ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Арыстықтар "Денсаулық" фестивалін атап өтті

14:43, 14 қыркүйек 2017

Республика аумағын түгел қамтыған Денсаулық фестивалі тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында да жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күні аудандық әкімдіктің мұрындық болуымен түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Оған ауданның еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін тартылды.

       Арыс қаласындағы орталық алаңда өткен шараға халық көп жиналды.  Олардың дені - жастар. Алдымен қатысушылардың барлығы сапқа тұрып, дене қыздыру жаттығуын жасады. Осыдан кейін барып, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі спорттық жарыстар жалауын көтерді.Үлкендер жағы білек күші мен ептілігін сынаса,  мектеп оқушылары топтық ойындарға қатысты.

      74 мыңнан астам халқы бар қалада бұқаралық спортты дамытуға барынша жақсы жағдай жасалған. Халықтың спортпен айналысуы үшін 174 спорт кешені бар. Олардың біреуі орталық стадион болса, 2-еуі бассейн. Ал, 24 спорт залында тұрғындар 24 сағат бойы шыныға алады.

Ырысдәулет Айтбаев - Арыс қаласы әкімінің орынбасары

  • Елбасымыз азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа жеткізуді міндетін қойып отыр.  отыр. Бұл үшін елде бұқаралық спортты барынша дамыту, қолдан келгенше жасауымыз керек. Президентіміздің халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту жөніндегі тапсырмасын сөзсіз орындауымыз керек. Бүгінгі денсаулық фестивалі соның анық көрінісі бола алады деп нақты сенім мен айта аламын. 

        Ал, қорытындысында спорт бәсекесінде бәсі басым болғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар: «денсаулық шарасын спортпен ұштастырудағы мақсат - халыққа «спорт -денсаулық кепілі» екенін ұғындыру» - дейді.   

АРАЙЛЫМ Байзахова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...