ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АРЫСТЫҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕБІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

13:40, 2 қыркүйек 2019

1 қыркүйек - Білім күніне орай, Арыс қаласындағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар білім алуға кірісті. Шаһардағы Иван Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты.

"Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ Арыс қаласының 16 орта мектебін 100% -ға қалпына келтірді. Салтанатты алғашқы  қоңырау жиыны қаланың барлық мектептерінде жоспар бойынша 1 қыркүйек күні өтті. 10 000-нан астам оқушы күрделі жөндеуден кейін жаңартылған мектептерде оқу жылын бастап кетті.

 Сәкен Қалқаманов - Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы көлемінде 1 сыныпқа 56 506 балдырған барса, Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сынып табалдырығын аттады. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы мектепте білім алады.  Облыста 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылды.Жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі.

Мұрат Қадірбек - Арыс қаласының әкімі

  • Өздеріңіз көріп отырған Иван Журба мектебі. Бұл мектеп жарылыс болған жеріне ең жақын болған мектеп. Бұл мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін 1-ші сыныпқа барлық оқушылар түгел келді.  

 Арыс қаласынд ағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ айналысуда.Бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілген. Қайта  қалпына келтірілген қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады.  

Арман Жетпісбаев - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы

  • Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында түгел мектеп балабақша жұмыстары аяқталды. Жалпы бұл жұмыстарға "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ 7 млн тг қаражат бөлінген. Біз енді сол жұмыстардың қабылдап, сапасын тексеріп, қосымша жұмыстарды түгел аяқтап шығамыз. Бізде 68 нысанның ішінде қосымша 4 нысанның құрылысы бар. Оның ішінде екі нысан денсаулық сақтау мекемесіне қарайды. Жедел жәрдем бөлімі, тіс ауруханасы, сонымен қатар, спорт мектебі, жеке балабақша нысаны жаңадан құрылысы жүргізілді.

Ұлбосын Құттыбаева 14 немеренің әжесі.  Алғашқы қоңырау мерекесіне бүгін 2 немересін жетектеп бірінші сыныпқа  алып келіп отыр. 35 жыл мектепте физика пәнінен білім берген  ардагер ұстаз бұл жерде заман талабына сай мектеп, ауылында болмағанын айтады.

Ұлбосын Құттыбаева – Арыс қаласының тұрғыны 

  • Мектептің ішін түгел аралап шықтым, барлығы жақсы керемет етіп жасап шығыпты. Барлық кәсіпкерлерге рахмет. Жалпы еліме рахмет айтқым келеді. Елімнің арқасында, қазағымның арқасында Арыс халқының қиыншылығы болмағандай болып отыр. Бүгін міне 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттап отырғаныма қуаныштымын.

Қордың бастамасымен мектептерде ағаш терезелер пластиктен жасалған терезелерге, ескі футбол алаңы жаңасына ауыстырылды. Қалпына келтірілген барлық мектептер жаңа мектеп жиһазымен жабдықталды. 

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар