ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

«АСАР» ҰЛЫ КӨШТІҢ БАСТАУЫ

15:17, 14 қаңтар 2021

Бүгін тәуелсіздіктің 10622 таңында өздеріңізбен қауышып отырмыз ағайын. Осы бір ұғымның қаншалықты қадірін түсініп жүрміз. Шет елдегі қандастарымызды ата жұртқа көшіру тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан тарихи іс болды. «Нұрлы көш» бағдарламасының аясында Шымкенттің іргесінен «Асар» шағынауданы бой көтеріп, бүгінде шаһардың шырайлы бетке ұстар бөлігіне айналып үлгерді. Мұнда қазір 20 мыңға жуық халық тұрады.

Осыдан 12 жыл бұрын шаһардың іргесінен бой көтерген Асар шағынауданына алғашқыда 300 гектар жер бөлініп,үш жылдың ішінде 1500 жуық қандасымыз Өзбекстан жерінен қоныс аударды. Елбасы бастаған істің басы қасында болған «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігі әлі де жат жұртта қалып қойған қандастарымыздың елге оралуына қолдан келген көмектерін көрсетіп келеді.

Әлібек Асанов  - «Ел аманаты» қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары

Осыдан 11 жыл бұрын ата қонысқа көшіп келген Ғаппар ақсақал, көзінің тірісінде елге оралғанына шүкіршілік етіп отыр. Тәуелсіздіктің қадірін жат жерде өмір сүрген жандар жақсы біледі, деп сөз бастаған ел ағасы, тарихи отанға туған туыстарымен бірге келіпті. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген қағиданы ұстанған қария тіпті, қызметі бар ұл-қыздарын да қалдырмаған.

Ғаппар Асанов – «Елеулі еңбегі үшін», «Ел ардақтысы» медалдарының иегері

Бір кездері ми дала болып жатқан бұл жерлер, бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасқан әсем шағынауданға айналған. Алыстан менмұндалап тұрған Асарда 1200 орынға аралған екі мектеппен 280 орындық 3 балабақша, емхана бар.

Қасым Атабаев - №89 IT мектеп лицейінің директоры

Тәуелсіз елдің болашақ тұтқасын ұстар жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен қатар жаңашылдықты сіңіруде жанжақты ізденісте жүрген №89 мектеп лицейінің ұстаздары шәкірттерімен бірлесе жылыжай жұмысын қолға алған. 2019 жылы құрылған жылыжайда тропикалық жемістер мен 200 астам гүлдің түрі өсірілуде. Сондай-ақ, республикалық ғылыми жарыста жеңіп шыққан картоппен гүлдерді топырақсыз өсіру әдісі дәл осы жылыжайда жасалған.

Жанысхан Ерубаева - №89 IT мектеп лицейінің биология пәнінің мұғалімі 

Асарлықтардың араласуымен бұл күнде талай тірліктің берекесі кірді. Тіпті, шағын және орта кәсіпкерліктің тасы өрге дөңгеліп, шағынауданнан ірі зауыттар да бой түзеген. Сондай-ақ, осыдан екі-үш жыл бұрын іргесі қаланған 5 қабатты 30 үйдің бәрінде де тұрғындар қоныстанған. Асарда бүгінде 20 мыңнан астам халық тұрады. 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар