ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

АШЫҚТЫҚ, МӨЛДІРЛІК, СЕНІМ

18:58, 20 қараша 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында халық үніне құлақ асатын мемлекет құру мәселетін қозғағаны белгілі. Осы орайда, барлық мемлекеттік мекемелер ашық форматқа көшуде. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында ашықтық принципін ұстанған Шымкенттегі Әділет департаменті кіреберіс есік алдынан ашық кеңсе ашты.

Ұзын сонар кезекті болдырмай, келушілерді есікпен-есік сандалтпай,  уақыттарын үнемдеп, мемлекеттік органдарға деген сенімдерін арттыруға тырысқан Адалдық алаңы жобалық кеңсесі ашық форматқа көшуде. Әділет департаментіндегі ашылған ашық кеңсе тұрғындарға консультативті көмек көрсетуге әзір.   

Жани Қамбар – Шымкент қаласы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, болдырмау мақсатында ашық түрде қызмет көрсетіп келе жатқан департаменттегі Адалдық алаңы кеңсесінің көмегіне  ай сайын 100 жуық азамат жүгінеді екен. Олардың басым көпшілігі жеке сот орындаушыларына қатысты арыздарын айтып, алимент мәселесін қозғайтын көрінеді.

Балжан Әліпбек – Шымкент қалалық  Әділет департаменті басшысының орынбасары

Дәл қазіргі таңда Шымкентте 214 мекемеде ашық кеңсе алаңы ашылған. Келер жылдың ортасына дейін жоба аясына барлық мекемелерді топтастыру межесі тұр.  Көбінде қиындық тудырып отырған мемлекеттік мекемелер жалдамалы ғимаратты жағалап жүргендер екен.

 

Г.Асқарқызы     

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар