ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚИМАСТЫҚ СЕЗІМІН БІЛДІРДІ

12:18, 26 наурыз 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 20-нан бастап өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Осыған орай қазір өңірімізде Ассамблея мүшелері Тұңғыш Президенттің ел үшін еткен еңбегін дәріптеп, қимастық сезімі бар екенін айтуда. Қиын қыстау заманда бір «Шаңырақ» астына алып, Тату-тәтті ғұмыр кешуге мүмкіндік берген қазақ елі мен Елбасына алғыстары шексіз.

 Елбасы елдің даму жолында қазақ жастарына үлкен жауапкершілік артты. Осы орайда, 1990 жылдардағы ең күрделі кезеңде «Болашақ» бағдарламасы аясында мыңдаған жастарды шетелге білім алуға жіберуді қолға алды. Жастардың лайықты білім алып, әлемдік тәжірибені зерттеуіне мүмкіндік туғызды.Сондай-ақ заманға сай білім беретін Назарбаев мектептері мен Назарбаев университеті Қазақстанның білім саласында алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуын қамтамасыз етті. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына да көрсетілген құрмет зор. 

 Наталья Романова – Славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы

Елбасымен жүздесіп, тілдесу мәртебесіне өз басым бірнеше рет ие болдым. Былтыр Шымкентте өткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 26-сессиясына қатысушы болдым.Сол жиын аясында Тұңғыш  Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын, ашық сөйлесуге мүмкіндік алдым.Ол маған бірнеше сұрақ қойды, мен жауап бердім. Сол кезде мен «Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сізді жақсы көреміз»-дедім. Ол да күліп, мен де сізді жақсы көрем дегені жүрегіме қатты әсер етті. Бізде қимастық сезім бар. Ұстаз ретінде жастарға көрсеткен қолдауына дән ризамын.

Тұңғыш президенттің тағы бір еңбегі елде тұрақтылық орнатудағы жетістігі. Бүгінде Қазақстан халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалған сыйлы мемлекетке айналды. Әлемнің түкпір – түкпіріндегі қақтығыстардың  шешімінде де бітімгер мемлекетке айналды.

Ася Мұхамедова – «Ақбарыс» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрайымы

Елбасы Тәуелсіздік алған аз уақыт аралықта Қазақстанды жоғары дәрежеге көтеріп келеді. Қазақстан бүгінде дүниежүзі таныған мемлекетке айналды. Жалпы алғанда, Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгілі мекені десем артық айтқандық болмас. Бұл жерде Елбасымыздың көреген саясаты айқын бағыт береді.

 Айта кетейік, Еліміздің тарихында алғаш рет өз елордамызды Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы тұрғызды. Барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жарқын көрінісі болған Астананы «Нұр-сұлтан» деп атау орынды»,- дейді Ассамблея мүшелері. Бұл шешім Елбасына деген құрметіміз екенін тілге тиек етті.

Ә. Дәулетбекқызы                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...