ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«АСТАНА» «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД»: ТАРИХИ ЖЕҢІЛІС

14:56, 20 қыркүйек 2019

«Астана» футболшылары Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчында сырт алаңда англиялық «Манчестер Юнайтедтен» жеңілді. Қазақстандық клуб 72 минут шыдап берді. L тобының алғашқы тур ойыны "Олд Траффорд" стадионында өтті.

Манчестерлік клубтың бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер бұл матчта бірқатар жас ойыншысын негізгі құрамда шығарды - 21 жастағы қорғаушы Аксель Туазебе, 19 жастағы хавбек Эйнджел Гомес, 17 жастағы форвард Мэйсон Гринвуд және 19 жастағы шабуылшы Таит Чонг матчты бірінші минуттан бастады. Ал «Астана» құрамында ешқандай өзгеріс болмады.
Матчтың 3-минутында Фред тепкен доп Ненад Эрич қақпасының маңдайшасына тиді. Артынша алаң иелері қысымын азайтқан жоқ, көбіне Маркус Рэшфорд шабуылда белсенді болды. «Астана» алаң иелерінің қысымына шыдап, үзіліске 0:0 есебімен кетті.   Екінші таймда да «МЮ» ойыншылары шабуылын тоқтатпады. Бірақ үзілістен кейін «Астана»  батылырақ ойнады. Қазақстан чемпионы матчтың 72-минутына дейін қақпасын голдан сақтай алды. 73-минутта Мэйсон Гринвуд гол соғып, "Манчестер Юнайтедке" жеңіс сыйлады.

L тобының екінші матчында сербиялық «Партизан» өз алаңында голландиялық «АЗ Алкмармен» тең түсті - 2:2. Енді Еуропа лигасының 2-туры 3 қазанда өтеді: «Астана» елорда уақытымен 20:50-де өз алаңында «Партизанмен» кездеседі.

Нұрсұлтан   Әбдірашит               

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...