ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

"ASTANA MEDIA WEEK" ФОРУМЫ

19:31, 11 қыркүйек 2019

Биыл Қазақстанда түсірілген 43 телесериал көрермендерге жол тартады. Бұл туралы Астана медиа Уикке қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Киноөнімдерді түсіру көрсеткіші 2016 жылдан бері 3 есеге өскен. Медиа апталыққа 50ден астам продакшн компания, ақпарат саласында жүрген танымал тұлғалар шет елдерден келген қонақтар қатысып жатыр. Білікті мамандар ақпарат жинау және тарату, көрермендердің сұранысын қанағаттандыру, режиссерлік көзқарас секілді түрлі бағытта тәжірибелерімен бөлісіп, семинар-тренингтер өткізді.

ДӘУРЕН АБАЕВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ

- Астана медиа уик диалог алаңындағы негізгі мақсаттардың бірі сіздер бір бірлеріңізді танып, біліп, пікір алысса деген ниет. Осылайше еліміздің медиа саласын әр тараптан емес ортақ мүдде аясында дамытқан деген тілек. Бұл ауқымды шараның көздеген тағы бір мақсаты ел тұрғындарының медия сауаттылығын арттыру.

Шараның алғашқы күні телесериалдар мен киноөнімдердің бүгіні мен ертеңіне, саладағы шешімін таппаған мәселелерге арналды. Әсіресе отандық өнімдерді шет елдерге сату, нарықты кеңейту мәселесі көтерілді. Әзірге өз өнімін шекара асырып жатқан ең ірі компания Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы. 

ЛӘЗЗАТ ТАНЫСБАЙ «QAZAQSTAN» РТРК АҚ ТӨРАҒАСЫ

- За последние Соңғы 5 жылда біз 10 елге 38 сериалымызды саттық. 10 жыл бұрын сериал түсіру үшін 1 компанияны әрең көндірген едік. Ал қазір ше? Осы салада жүрген ірі компаниялар өте көп. Фильмдердің сапасы да жақсы. Қазір алғаш рет детектив жанрындағы сериал түсіруді де қолға алдық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...