ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

«Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді

18:00, 30 қараша 2017

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Шымкентте «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді. Нәтижесінде 96 отбасы баспаналы болды. Мерекеде үйлі болып, мерейі тасығандар, негізінен,«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары. Ал, үйдің құрылысына қаржы құйған - «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы».

Төбесі көк тіреген мына тоғызқабатты 2 үйдің жалпы аумағы 7200 шаршы метрден асады. Жанға жайлылығы жағынан, 2-ші санатқа жатады. Бір бөлмелі пәтердің өзі - 56 шаршы метр. Бір шаршы метрі 180 мың теңгеге бағаланады. Тұрғындар үшін мұнда керектінің бәрі бар. Үй иесі қалап жатса, жертөледенкөлік тұрағы да қарастырылған.

Есімхановтар шаңырағы бес жылдан бері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қаржы құйып келген. Екі бөлмелі үйдің жарты құнын жинап біткенде кезегі келді. Қуаныштарында шек жоқ. Бас аман, бауыр бүтін болса, қалғанын 6 пайыздық несиемен банкке төлеп, құтылады.

Ел қуанышын еселеген «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы»бұл маңнан тағы 4 үй салып жатыр. Оның екеуі келесі жылы бітеді. Корпорация бұл нысандардың құрылысына 1,56 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйған.Қаржы үй иелерінің есебінен қайтарылады. Ал, жинақталған қаражат басқа да жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

Мереке қарсаңында мерей өсіретін жаңалық! Түстік облыс тұрғындарды баспанамен қамту жағынан байтағымызда көш бастап тұр. Биылдыққа 550 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілуі керек болса, қазірдің өзінде 5 189 пәтерде... шаттық шамы жанған. Жаңа жылда тағы жүздеген жанның жүзі жайнайды. 

МАҚСҰТ  Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...