ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АТА ЗАҢ – ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

11:59, 3 қыркүйек 2019

Елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың ұйытқысы – Конституция. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заң күні Жетісайда да жоғары дәрежеде аталып өтті. Конституция қабылданғалы өткен 24 жыл аудан дамуына да тың серпін берді. Мерейлі күнге орай аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев тұжырымды ой айтып, өңірдің өткені мен бүгініне терең пайым жасады.

Тарихқа көз салсақ, тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен тұтастай байланысты. Содан бері Ата заң -тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі болып келеді. Бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтауда да мемлекеттік маңызды құжаттың алар орны орасан.

ЖАМАНТАЙ БЕЙСЕНБАЕВ – ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған Заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы - Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған игілікті қадамдар. Елдегі саяси тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі саналатын құжаттың маңызы халық үшін қашанда құнды.

МҰХАММЕД МЫРЗАЛИЕВ – АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

АБДУҒАППАР ИСАЕВ – ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ  ТҰРҒЫНЫ

Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бірқатар азаматтар құрмет тұғырынан көрінді. Сала үздіктері аудан әкімінің марапатын алып, сый-сияпатына бөленді.

Д.Өмірзақова                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...