ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АТА ЗАҢ - ЗАЙЫРЛЫ ЕЛДІҢ БАСТЫ ТҰҒЫРЫ

12:02, 3 қыркүйек 2019

Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 24 жыл. Айтулы датанының мән-маңызын арттыруға арналған шаралар легі жалғасын табуда. Ел үшін басты құжаттың құндылығын дәріптейтін басқосу Кентау қаласында өтті. Патриотық сезімге толы кештен тілшіміз сөз сабақтайды.

Ата заңымыз елімізді зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде әлемге танытты. Конституция - Қазақстанды озат отыздыққа бастайтын бағдаршам. Жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың маңызды факторы болып саналады. Еліміздегі барлық Заңдардың қайнар бастауы болатын құнды құжаттың мән-маңызы осы кеште кеңінен айтылды.

Салтанатты кеште ерен еңбегі еленгендер құрмет төрінен көрінді.  Кентау қаласы әкімінің арнайы марапатына ие болғандардың арасында түрлі саланың майталмандары бар. Солардың бірі Ғалия Жапатова. Таңшолпан бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі біз үшін Ата заңның 24-ші тұғыры айтулы күн болды»,-дейді.

Ғалия Жапатова – Таңшолпан бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Қазақстан санаулы жылдарда құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, экономикалық даму тұрғысында достастық елдері арасында көш бастады. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституцияның жасаған ықпалы зор.

 Мырзабай Хасанов – Ауылшаруашылығы  маманы

Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Конституция күнінде еңбегі ескерілген барша жерлестерімді құтықтаймын. Өзім қуаныштымын.

 Бұл шарада тұғырлы елдің тұмарына айналған Ата заң – біртұтастығымыздың бұлжымас бағдары екені тағыда айқындалды.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                           

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...