ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

16:31, 10 қаңтар 2020

Түркістан облысында 110 мыңға жуық отбасыға 70 миллиард теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қаржы. Дегемен жаңа жылдан бастап көмекке мұқтаж отбасының еңбекке қабілетті мүшесіне мемлекет ыңғайлы әрі мамандығына сай жұмыс ұсынады. Егер ол бас тартса өкінішке орай бүкіл отбасы атаулы қаржыдан қағылады. Жаңа жүйенің артықшылығы неде? Бұл жәрдем қашан және қалай беріледі?

Өткен жылы елімізде әлеуметтік көмек беру үшін республика бюджетінен жалпы көлемі 3 трлн 4 млрд теңге қаржы бағытталған. Мұның ішінде   облыс   қазынасынан бөлінген  75 млрд теңге бар.  Бұл қаржыға облысымызда 109 мың 600 отбасы яғни  632 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Биыл әлеуметтік көмек  277 мың адамға беріледі. Себебі былтыр берілген несиелер мен гранттар негізінде облысымызда көптеген отбасылар өз кәсібін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Ұлан Тәжібаев- Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Жалпы еңбекке жарамды 42500 адам жұмыспен қамтылыпы, 6690 адам өз кәсібін ашты.

Биылдан бастап АӘК 3 бағыт бойынша беріледі.  Біріншісі отбасында 4 баладан көп жанұяларға берілетін көмек. Онда әрбір балаға 10625 теңгеден беріледі. Облысымызда мұндай отбасылар саны 86 мыңнан асады. Екіншісі аз қамтылған жанұяларды жұмыспен қамту. Кәсіби бағдар беру. Несие және гранттар бөлу. Сондай-ақ, барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет беріледі. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар мектепте  ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Гигиеналық заттар, мектеп құралдары және киім-кешек беріледі. Жол ақысы тегін  болады.

 Әсия Темірбаева – Түркістан облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы

 20-сына дейін біз құжаттарды дайындаймыз 25-нен бастап беріле бастайды. Каза почта арқылы беріледі. СМС арқылы әрбір азамат қашан жеткізілетіні жөнінде хабарландырылып отырады. ...   

 Еліміз бойынша 367 мың жанұяға осы жәрдемақы тағайындалған. Оның 90 мыңнан астамы Түркістан облысының тұрғындары. Жалпы, 2020 жылы облыста 50 мыңға жуық отбасыны 35,6 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделімен қамту жоспарланып отыр.

Н.Кенжехан                   

 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар