ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ

21:10, 1 қазан 2019

Қарттар күні мерекесінде Отырар ауданының бір топ ардагері Түркістан қаласына барып шаһардың көгалдандыру ісіне үлес қосты. Олар қаладағы 9-секторда болып ағаш көшеттерін отырғызды. Айтып өтейік, 16 бөлікке бөлінген Түркістанның тоғызыншы тұсында қазір Отарар ауданының әкімдігі абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Мереке қарсаңында ауданның 40-тан астам ардагері облыс орталығына барып сол жұмыстардың барысымен танысты. Сонымен қатар облыс оратлығындағы тарихи орындарды аралап, бабалар рухына құран бағыштады.

Қарттар күніне арналған шара аудан орталығынан басталды. Алдымен аудандағы аузы дуалы аға буын өкілдеріменн аудан әкімі кездесіп мерекелерімен құттықтады. Ауданда ардагерлер үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайымен таныстырды.

Түркістандағы 9 – секторда 43 көше бар. Көбісі көгалдандыруды қажет етеді. Осыны ескерген отырарлық ардагерлер көше бойларына түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Бірнеше сағатқа созылған шара кезінде жүздеген көшет егілді. Енді оның өніп кетуін аудан билігі бақылауда ұстайтын болады.

Айдос Мәулен – Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы

Мынау Түркістан қаласын көркейтуге барынша ат салысып жатырмыз.Біз әлдеде ары-қарай жұмыстарды жандандырамыз. Жалпы 10-қазаннан кейінге жоспарланған жұмыстарымыз көп. Барлық көшені көркейтіп көгалдандыруға Отырар ауданы ат салысады.    

Облыс орталығының көркейуіне үлес қосқаннан кейін аға буын өкілдері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады. Сондағы тарихи жәдігерлерді тамашалады. Одан кейін Түркістандағы тағы бір тарихи орын «Гауһар ана» кесенесіне зиярат жасады. Ал сапар соңында ардагерлер мерекелік дастарханан дәм татып, біразы аудан әкімінің алғыс хатымен бағалы сыйлығына ие болды. 

М. Жарылқасын                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар