ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

АУДАНДАРДЫҢ ДАМУЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

19:58, 13 мамыр 2019

Аудандардың даму барысы облыс әкімінің бақылауында болады. Бүгін Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында Түркістан қаласын дамыту жайы сөз болды. Сондай-ақ, күн тәртібінде 2018-2019 оқу жылының аяқталу барысы мен Ұлттық Біріңғай Тестілеу бойынша мәселелер де талқыланды.

Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынып жатыр. Оның жетеуі 2019 жылы пайдалануға беріледі. Бұл қаланың көркейе түсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары мұнымен шектелмейді. Б.Саттарханов даңғылынан мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын 54 кәсіпкерлік нысанның орнына үлкен саябақ салынады. Облыс басшысы осы бағытта абаттандыру жұмыстарын қолға алу керектігін айтты.

 Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі                          

   Канал жұмыстарын тезірек бастау керек. Сондай-ақ, Түркістан маңын абаттандыруды қолға алыңыздар.

Әкім аудандарға байланысты тағы бір сын айтты. Ол облысымыздың оңтүстік өңіріндегі жалпы даму қарқынының баяулығы. Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарында жол, құрылыс, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстарының қарқыны өте баяу. Газдандыру саласы  нашар жағдайда қалып отыр. Өмірзақ Шөкеев осы тұрғыда аудан әкімдерінен белсенді жұмыс жүргізуді талап етті.

 Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

  Әлеуметтік нысандардың көбісінің тозығы жеткен. Мектекп, аурухана, жол, газ, абаттандыру жүйесі де нашар. Мен мына Отырар, Бәйдібек, Ордабасы секілді аудандармен тәжірибе алмасып, жұмыс істеуді тапсырамын.

Жиында қозғалған тағы мәселе білім саласы. Өмірзақ Шөкеев аудандардағы оқу ордаларының жай-күйін реттеуді тапсырды. Бұл тұрғыда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жаңа нысандардың құрылысын бастау керектігін жасырмады.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...