ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ СТУДЕНТТЕР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АУДАНДАРҒА 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

18:22, 11 қараша 2019

Келер жылы қаладағы әр ауданға 1 миллиард теңгеден берілетін болды. Қомақты қаржы бірінші кезекте елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталмақ. Еңбекші ауданы әкімінің жыл басынан бері атқарған жұмысының есебін тыңдаған Ерлан Айтаханов бюджеттен бөлінген әрбір тиынның мақсатты жұмсалу керектігін қадап айтты.

Жиында қала әкімі мегаполиске бөлінген қаржы қайранға кетпеу керек екендігін қадап айтты. Басқосуда Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ағымдағы жылы атқарылған шаруаларды баяндады.Аудан халқының  92,5% таза ауызсумен қамтылған. Қалған 4953 отбасы қара суды тасып немесе сатып ішеді.  Еңбекшідегі халықтың  5 пайызы электр қуатына қол жеткізе алмай келеді. Баяндамадан соң бұл жиын жанды әңгімемен жалғасты.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

Мана баяндамаңыздағы ауызсу мәселесі, электрмен қамту, жол мәселелері қаншалықты сол ауданның бірінші мәселелерін қамтып жатыр.

Ғалымжан Ильясов – Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі

Ауызсумен екі елдімекеннің мәселесі, электр қуатымен екі елдімекен қамтамасыз етіледі. Себебі басқалардың сметалық құжаттары дайын болмай жатыр.

Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен жүзеге асқан. Бұған жұмсалатын қаржы көлемі 1 млрд. 211млн. теңге. Қала әкімі Ерлан Айтаханов қыруар қаржыны ойын алаңшаларына емес бірінші кезекте өзекті мәселелерге жұмсау керектігін ескертті. Енді қалған үш аудан әкімі де арнайы қаржыны игеру жоспарын нақлытап әкімнің алдында қорғап шығатын болады.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

  00:50 Бір мәселені түбегейлі шешіп тастауға боладығой. Бір жылдың ішінде. Топырақ жолды ауызсуды шешіп тастайды. Келесі жылы 8 елдімекен ауызсуын реттеу керекпіз. Ол күттірмейтін мәселе.

Келесі жылдан бастап қаладағы әр ауданның қоржынына құйылатын қыруар қаржы өзекті мәселелерді шешуге жұмсалуы керек. Еңбекші ауданы әкімінің бөлінетін қаржыны игеру жоспары бұл жолы  қабылданбады. Ерлан Айтаханов бөлінетін ақшаны мақсатты жұмсау жобасын қайта әзірлеуді тапсырды. Себебі мемлекеттің қаржысы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталу керек екенін атап өтті.

К. Дүйсенбі

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
17:57, 23 қаңтар 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...