ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН

16:32, 2 шілде 2020

Елімізде тағы да карантин режиімі енгізілді. Енді шілденің 5-нен бастап бірқатар нысандар жұмысын уақытша тоқтатады. Атап айтқанда шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, жабық базарлар мен жағажайлар, музейлер мен көрмелер 14 күн бойы жұмыс істемейді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жұмысына шектеу қойылып отыр. Түркістан облысының белсенді жастары бұл шешімнің өте орынды екенін алға тартып отыр.

Өңірдің 14 күнге карантинге жабылғанын тиімді шешім деп қабылдайтындардың бірі - Жансерік Жұман. Саяси һәм қоғамдық жұмыстарда белсенді жас осылай ету арқылы дендеп бара жатқан дерттің алдын алуға болады деп санайды. Өйткені, адамнан-адамға тез жұғатын вирустың шектеу шаралары күшейсе, таралуы бәсеңдейді. Оған «корорнавирус алғаш шыққан кезде қолға алынған карантиндік шаралар мысал бола алады»- дейді, белсенді жас

Жансерік Жұман - «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының  Түркістан облыстық филиалының төрағасы     Бұл режим қатаңдаған кезде өз нәтижесін береді. Оған мемлекеттің дәлелдері бар. Қатаң режим енгізген кезде бұл індет жойылды.  Және таралу шегі азайғандығы жөнінде. Қазір ауру саны тіптен өкп. Осындай сәтте Қазақстан халқын індетпен бірге күресуге шақырамыз.

Ал, белгілі журналист Алишер Сатыбалдиев болса карантин кесірінен туындаған қиындықтарға халық түсіністікпен қарауы керек, деп санайды. Өйткені, еліміздің ең басты құндылығы ол адам денсаулығы мен өмірі. Сондықтан, «қиындықтырға төзімділік танытып, карантиндік режиді қатаң сақтаған жөн» -дейді,

Алишер Сатвалдиев - облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы   Осындай қиын кезеңде біз алдымен өзіміздің отбасымыздың амандығын қайғыруымыз керек деп ойлаймын. Жұмыс екінші орында, ақша екінші орында басқа шаруаларымыз ол кейінгі орындарда. Оның барлығы құдай қаласа тынышталғанан кейін өзінің ретін табады. Ең бастысы өзіміз бала-шағаларымызға ие болып карантин шараларын сақтауымыз керек.  

Айтып өтейік 5-шілдеден бастап елімізде 65 жастан асқан азаматтарға үйден  мүмкіндік болса шықпауға кеңес берілді. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің де кемінде 80-пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшпек.  Қала аралық автобустар тоқтайды.  Әуе және темір жол қызметі сақтық шараларын қатаң ұстай отырып, жұмысын жалғастырады.  

М. Жарылқасын                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...