ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

АУРУХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

12:19, 16 қыркүйек 2020

Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді.

Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді. «Пандемияға байланысты дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеуде. Кез келген көмек науқасты дер кезінде емдеуге үлкен әсерін тигізіп отыр.  Осындай қиын-қыстау уақытта қол ұшын созып жатқан жандарға алғысымыз шексіз», - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.

Г. Қалмырзақызы                                          

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...