ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

АУЫЛ-АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ ІСІНДЕ ШИКІЛІК КӨП

14:23, 26 сәуір 2018

Облыста 58 елдімекенге газ құбыры тартылып қойғанымен, тұрғындар от жағып, күл шығару азабынан құтыла алмай отыр. Оның негізгі себебі, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы мен жергілікті атқарушы билік арасындағы байланыстың жоқтығы. Осыны қатаң сынға алған халық қалаулылары... мемлекет қаржысының желге ұшқанына ашынып отыр. Көшбасшы партия басшылығы осы іске қатысты нақты шешім шығаруды... жылдамдатпақ.

Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында... «2020 жылға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру» тақырыбында өткен партиялық тыңдауда көтерілді. Жиында тиісті сала мамандары баяндама жасап, жобаның біздің аймақта атқарылу деңгейін егжей-тегжейлі айтты. Дегенмен, депутаттар сияқты... халық мұңын айтып, ашынғандар жоқ.

Мұрат Төлтебаев – облыстық мәслихат депутаты

Қазір 106 обьект анықталып отыр. Осыған кім жауап береді? 58 елдімекенге газ тартылған, неге олар өз ауласына келіп тұрған көгілдір отынды пайдалана алмайды? Мемлекеттің ақшасы ұшты ғой. Біз неге осыны түсінбейміз? Осыдан 3-4 жыл бұрын тартылған газдың талай нәрсесі қолды болып кетті. Енді оған кім жауап береді?

Бұл мәселеге облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев та алаңдаушылық білдірді. Қазір Сарыағаш және Мақтарал аудандарын газдандыру ісі бойынша нақты шешімдер қабылданып жатқанын айтты. 

Төлеген Сәрсембаев – облыс әкімінің орынбасары

Қазір Сарығаш пен Мапқтаралға қатысты мен Жексенбинді және Сәкен Сұлтанович деген главный инженерін шақырып, көрсеттім. Бұл мәсле біздің де қадағалауымызда. Қолға алып жатырмыз

Бұдан бөлек, билік партиясын көгілдір отын құнының қымбаттығы мазалайды. Айтуларынша, қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай отырғандар үшін... тариф... – жығылғанға жұдырық.

Нұрмахан Жолдасов – «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары

Сол «Қаз ТрансГаздың» тарифі ұшып тұр. Қаншама үй газ кіргізіп жатыр. Ол дегеніңіз, абоненттің көбейгені. Абонент көбейген сайын бұлар тарифті арзандатуы керек қой. Өзі алатын 60 мың айлықтың 30 мыңын сол газға құйып жатыр қазір ауыл тұрғындары.

Өңір тұрғындарын толығымен газбен қамту – 5 әлеуметтік бастаманың маңыздысы. Ендеше партия, билік, халық қалаулылары бірігіп, мүдделілік танытатын күні алда.

Мұрат Төлтебаев – облыстық мәслихат депутаты

Біз осы уақытқа дейін «Қаз ТрансГазды» монополис деп келді. Мейлі, енді осы уақытқа дейін шыны керек, қанша шырылдап жатырмыз. Біз осы мәселені шешпесек, несіне егемен ел болып отырмыз. Халықтың мұңын жабылып шешейік. Қажет болса, хат жазайық... Қоғамдық кеңес бар, билік бар, бір шешімін шығарайық.

«2020 жылға арналған өңірлерді дамыту» бағдарламасы – халықты өркениетке жетелейтін жоба. Бағдарламаның сәтті іске асып, елге шарапаты тиюін бұдан былай, көшбасшы партия филиалы... басты назарда ұстамақ.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...