ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ МҰҒАЛІМІ ОҚУЛЫҚТАР ЖАЗУДА

13:17, 4 желтоқсан 2019

Оқулық жазу- әсте оңай емес. Әсіресе, техникалық терминдерді қазақшаға аударып, оны түсінікті тілмен жазып шығу қиынның қиыны. Алайда , Созақ ауданы, «Созақ» мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бұл іске батыл қадам жасаған. Оның білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 4, 9, 10 сыныптар үшін қазақ тілінде жазған информатика оқулықтары бүгінде бүкіл еліміздің мектептерінде қолдануда.

Информатика- өте күрделі сала. Алайда  қазақ мектептеріндегі    бұл пәнге қызығатын оқушылар  аз емес.   Бірақ,    оқушылар мен мұғалімдерге,  тіпті, студенттерге арналған қазақ тіліндегі программалауға бағыттайтын  оқулық жоқ. Ал көптеген балалар  информатика пәнінен олимпиадаға  барғысы келеді. Не істемек керек?  Міне, көптен бері осындай ой жетігінде жүрген ауыл мұғалімі «Алматыкітап» баспасымен келісе отырып, күрделі оқулықтар жазып шыққан.

Мұхтар Атабек тілші

Роман Қадырқұлов - информатика пәнінің мұғалімі

Тағы бір ерекшелік, ауыл мұғалімінің қазақша жазған оқулықтары қазір орыс тіліне де аударылып, оны  Қазақстандағы орыс сыныптары 100 пайыз оқуда.  Ал, 7, 8, 9, 10 сыныптарға арнап жазылған   информатика оқулығыммен Қазақстанның барлық облыстарындағы оқушылар білім алуда. 

Айдын Қаражан оқушы

Бұл білім ордасында оқитын    оқушылардың деңгейі қала деңгейінен кем емес.   Олар аудан мен  облыстан бөлек республикалық олимпиадалар мен байқауларда да топ жарып жүр. Егер мұғалім ерінбей еңбек етсе өзі де, шәкірті де зор жетістіктерге жетері анық. Бұл біздің асыл мұратымыз дейді ауыл мұғалімі.

. М. Атабек                                             


 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...