ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ

16:57, 26 наурыз 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданында болды. Онда бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

 Ең алдымен аймақ басшысы «Келес пласт» ЖШС-нің жылыжайға қажетті полиэтилен өнімдер шығару цехына барды. Қазір мұнда 20 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 2018 жылы іске қосылып, жылыжайға арналған пленка, қысқыш  прес жіп шығарумен айналысады. Жалпы,  жобаның құны – 150,0 млн. теңге.

Сондай-ақ өңір басшысы Қошқарата ауылдық округінде орналасқан  «Өктемхан» шаруа қожалығында  болды. Жылына 120 тонна көкөніс өнімін беретін арнайы кешен 65 га аумақта орналасқан.  Жалпы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңір басшысы Жүзімдік және Бірлесу ауылдық округтеріндегі 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету барысымен танысты. Одан кейін Бірлесу ауылдық округі, Қазақстан елді мекеніндегі шаруашылыққа барды. Мұнда жылына 3 рет көкөніс өндіру жобасы қарастырылып жатыр. Аудандағы бірқатар нысандардың жай күйімен танысқан облыс әкімі өнім өндіруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы екенін айтып,  бірқатар  тапсырмалар жүктеді.

Одан бөлек облыс басшысы Бірлік ауылдық округі аумағындағы «ТМ-Строй – 21»  ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарына барды. «Қызыләскер» қосалқы электр стансасының құрылысымен танысып, Келес өзеніндегі «Оймауыт» су бөгетін аралап көрді. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...