ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

“АЯЛА” КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

12:21, 26 наурыз 2019

Шардара қаласының орталығында “Аяла” Тибет-Шығыс ем қабылдау клиникасы ашылды. “Тұңғыш Президент” саябағына қарсы беттен бой тіктеген нысан аудандық десаулық сақтау ісін ілгерілететін болды. Емдеу орталығы ұлыстың ұлы күні қарсаңында пайдалануға берілді.

Клиниканың ашылу салтанатына аудан билігі,  “Нұр Отан” партиясының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Мінберден сөз алған аудан әкімінің орынбасары бұл орталықтың тиімділігіне тоқталды. Шалғайдағы жұртшылық бұрын өзге аудандарға сабылып ем қабылдап келген . Енді бұдан бұлай алысқа сандалмай өз ауданында сапалы медициналық қызмет ала алады.    

Бауыржан Шомпиев -  Шардара ауданы әкімінің орынбасары

Елбасымыз өткен жылы халыққа арнаған жолдауында, жуырда ғана өткен «Нұр Отан» партиясының 18-ші сьездіндеде басты екі мақсатты қойды. Ол ең алдымен халықтың табысын арттыру сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бүгінгі ашылған клиниканың басты мақсаты халықтың денсаулығын жақсарту.

 “Аяла” Тибет-Шығыс ем қабылдау клиникасы Шардарада алғаш ашылғанымен өзге аймақтардағы өкілдіктері  талайдан бері елге  қызмет көрсетіп келеді.  Орталық аз қамтамасыз етiлген, жалғызiлiктi жандар мен  ата-анасынан айырылған балаларға қолдау көрсету жұмыстарын бес жылдан берi ұйымдастырып келедi.

 Медет Тайманов – «Группа компаний ТМТ» ЖШС атқарушы директоры

Бұл әлеуметтік нысанымыз Жетісай ауданы, Сарыағаш ауданы енді Шардара ауданындағы үшінші нысанымыз болады. Біздің аяла атты тибеттік медицинамызда көптеген ем дом түрлері бар.

Медициналық орталықтың директорының айтуынша орталықта тамыр ұстап, диагноз қою, инемен емдеу, массаж, физиотерапия, банка қою, секілді ем-дом  түрлері бар. Сонымен қатар  табиғи  шөптермен емдеу, бауыр, жүрек қанбасымы, инфаркт, инсульт, ерлер-әйелдер аурулары, буын-терi аурулары, грижа, iшкi және сыртқы ауруларын емдеуге тәжiрибелi дәрiгерлер бар.  Шардара қаласынан ашылған  осы орталыққа  жергілікті тұрғындардан  12 адам жұмыспен қамтылған.  

К. Дүйсенбі 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:38, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
17:56, 21 қазан 2019
ТҮРКІСТАН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...