ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ Толығырақ

АЮПОВ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

12:58, 10 шілде 2019

Әкім бол, халыққа жақын бол! Осы ұранды мақсат еткен Түркістан қаласының жуырда тағайындалған әкімі Рашид Аюпов шаһар тұрғындарымен кездесті.Халықты мазалаған негізгі түйткілді мәселелерді жекелей тыңдап, алдағы тың жоспарларымен бөлісті.

Елмен етене болу... еңбек нәтижесін еселейді. Басшылық қызметіне жаңадан кіріскен Рашид Абатұлы ең бірінші қалаға қарасты Бекзат мөлтек-ауданы тұрғындарымен жүздесті. Жаңа әкім, келгендермен  ашық, әрі еркін форматта пікір алмасуға тырысты. Ал, халық емін-еркін уәждерін жеткізіп, әсіресе жол  сапасы мен жол жүру ережесін, қасиетті қаланың тазалығыоң жолға  қойылмай жатқанын айтты.

Түркістан тұрғындарының талап-тілегінің   бірімөлтек-аудандардағы  жолдын ретке келтіру. Бұл көшелерге асфальт тұрмақ тас төселмеген. Мектепке баратын оқушылар  көктем мен қыс айларында балшыққа батып барады. «Бекзат» мөлтекауданына емхана, аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығы қажет. Мектеп те салу керек. Ондағы тұрғындардың  саны 40 мыңға жуық екенін ескерсек, бұл мәселенің көтерілуі орынды.

Түркістанда жолда жүру ережесіне бағынбайтындар, халықты ашындырып отыр.  Жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс арттыруы  кесірінен жол апаты, адам қағып кету секілді қайғылы жағдайлардың жиі орын алатынын жеткізді.

Түркістан әкімі қаланы абатттандыру мәселесіне баса назар аударатынын айтты. Енді көлік жүргізушілері жол ережесін бұза алмайды,  көшелерге арнайы камералар қойылатын болады.  Ал, мектеп, аурухана, жол салу мәселесі жоспар бойынша жүзеге асады - деді, шаһар басшысы.

Рашид Аюпов - Түркістан қаласының әкімі

Түркістан қаласына қарасты 8 мөлтек аудан бар. Алғашқы кездесудің өзінде әкім 19 мәселені қағазға түртіп алды.Тек талап тілекті тыңдаумен шектелмейтінін айтып, тың идеямен өзгешеліктер енгізетінін  жеткізді.

 Рашид Аюпов - Түркістан қаласының әкімі

Халық өтінішін жеткізіп, жаңа басшыға тек сәттілік тіледі.Нәтижелі жұмысты межелі мерзім көрсететін болады.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...