ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАҒАН

15:40, 5 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Үкіметке азық-түлік бағасын реттеп, тұрақтандыруды тапсырды. Себебі, қазіргі таңда азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Облысымыздың өзінде күріш, май, картоп сынды дақылдардың бағасы өссе, еттің құны екі есеге шарықтаған. Осы және өзге де мәселелердің алдын-алу мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары мен кәсіпкерлік бөлім басшылары арасында мәжіліс өтті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру». Бұл Жолдауда айтылған маңызды міндеттердің бірі. Соңғы уақытта азық-түлік бағасы тұрақталмай отыр.  Оған себеп те жоқ емес. Статистикаға сүйенсек, Түркістан қаласында және облысқа  қарасты аумақтарда азық түлік жеткізіп беретін көтерме сауда  орындары  жоқтың қасы.  Мәселен, шаһарда  қанттың бағасы - 220 теңге, ал басқа сауда орындарында орташа баға - 280 теңге. Өңірде әсіресе, күріш пен ет едәуір қымбаттаған. Күз келгелі көкөністің де бағасы өсіпті.

Болат Балқыбеков - облыстық Статистика Департаменті басшысының орынбасары

Көкөністер басты пияз 71,2 пайыз, сәбіз 37,9 пайыз, картоп 30,5 пайыз қымбаттады. Мұнда ұн мен нанның бағасы өткен жылдың күзінен бастап, қымбаттағанын айт өту керек. Қырыққабат 25,7 пайыз, сиыр етіне 5,9, күріш 3,8, жұмыртқа 3,3 пайыз қосылған.

Түркістанда  14 әлеуметтік дүкен болса, оның 7-еуі ірі сауда орталықтарында орналасқан.  Мұндағы азық-түліктің бағасы  қаладағы өзге дүкендерден 20-25 пайызға төмен. Бұл өз кезегінде  бағаның тұрақталуына айтарлықтай әсер етпек.  Тиісті мамандар тауардың бағасын бірқалыпты ұстауға тиісті қаржы қаралған, азық-түлік қоймада жеткілікті сақтаулы екенін айтып оытр. 

Нұрбек Бадырақов –Түркістан  облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

2015-2018 жылдар аралығында Үкіметтің берген қаулысына сәйкес,1,8 миллирард қаржы бөлінген. Осы қаржыны 2018 жылдың соңында бекітілген қаржығы сәйкес, ары қарай тағы да 3 жылға келісім жасап ұзарттық. Биыл 1,8 миллиардтың 7 азық түлік-тауары өнімі бойынша 1 млрд. 12 мың тоннаға келісім шарқа отырған. Бүгінгі жылдың басында 1-ші қыркүйекке дейін 1922  теңге тоннаны құрайтын 228 млн теңгеге азық-түлік тауары сатып алынды.Қоймада сақтаулы.  

 Дегенмен,  өңірімізде азық-түлік бағасы ретке келмей,  қымбаттап тұр. Ал,әлеуметтік дүкендердегі  дәнді-дақылдар мен көкөністің сапасы төмен. Сондықтан  қымбат тауарды алуға мәжбүр.  Бұған себеп, жауапты мамандардың базар нарығындағы бағаларды тұрақты түрде тексермей, салғырттық танытуы, - дейді, кәсіпкер.

Райымбек Мыңбеков - кәсіпкер

Бір адамға бауға береді, жүзімге береді, малға береді. 200 гектарлап бауға береді. Ал жай адамдар ала алмайды. Олар барса қоршауың жоқ, басқаң жоқ деп. Соны зерттейтін уақыт болды ғой. Өкіметтен ақша бөлініп жатыр. Хабарымыз бар бәрінен, бірақ, жоқ, айтатынымыз өтірік. Көрініп тұрған базарды реттемейміз бе?Бос тұрған базарлар бар. Соны реттеу керек қой шамалы. Сонда баға өзінен-өзі түседі. Комиссия құрылады. Барлығы аяқыз. Тәжиев отыр мінеки, кешегі бау қайда, жүзім қайда? Келіп жатқан алма қайда, жоқ.

Бүгінде тұрақтандыру қоры 10 мың тоннадан асатын мөлшерде өнімді жеткізуге келісім-шарт жасасқан. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарларға қажеттілік тумайды. Өнім жеткілікті ,баға тұрақты болады деп сендірді.

М.ӘСЕМБЕК             

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар