ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

13:23, 26 наурыз 2020

Наурыз мерекесі тойланбаса да базарда азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Түркістан қаласының тұрғындарын тауар бағамының бірден қамбаттап кеткені дағыратып тастаған. Халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары өнімнің 40-60 пайызға өскені облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің де құлағына жетті. Сала жауаптыларына шұғыл тапсырмасын берген облыс басшысы мобильді топ құрды. Не өзгерді? Бағаның өсуіне жол берген кәсіпкерлерге қандай шара көріледі?

Шұғыл шақырту алып, жиналғандар мобильді топқа жауапты жетекшілерді сайлап алды. Облысы аумағында сауда нысандардағы әлеуметтік маңызды азық түлік  бағасының көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-қимыл алгоритмі дайындалды.

Сөйтіп, рухани астанадағы шағым түскен «Қуаныш», «Атын бұлақ» базарларын бақылауға алды. Одан бөлек супермаркеттер мен дүкендер, өзге сауда орындарына да талаптар қайта қойылды.

Мобильді топ жетекшілігін облыс әкімінің орынбасары өз қолына алды. Топ құрамына облыстың аудан-қала әкімдері мен кәсіпкерлік және сауда, ауылшаруашылығының басқарма мамандары да тартылды. Бұдан өзге прокуратура мен тәртіп сақшылары, ақ жағалы мен шенділер де бар.
Ағымдағы жылы 24 наурызда сағат 09:00 шұғыл мәжіліс ұймдастырылып, алдын-ала iс əрекет алгоритмi нақтыланды. Жұмысшы топ толық құрамда базарға шықты. Сағат 10:00 "Алтынбұлақ" базары ашылғанға дейiн барлық Кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарының  əкiмдерi бастап келген Кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды. Сенбi, жексенбі күнгi базар нарқынан: картоп-35 теңге (120-130); пияз, капуста-20 теңге (75-80) тɵмен. Ұн, макарон, май, күрiш, құмшекер т.б. бекiтiлген шектi мəн тɵңiрегiнде. Бағалар тұрақты. Базарларда адам саны қалыпты, дүрлiгу жоқ.  
Одан әрі, мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап,  азық-түлік дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, сатып алушылардың саны кɵп еместiгiн, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Орын алған жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық және дезинфекциялық шаралды қолдану керектігі айтылды. Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев бастаған мобильді топ Қызылорда облысының шекарасында орналасқан Сауран ауылдық округіндегі блокпосттың жұмысымен, азық-түлік тасымалдану жағдайымен танысты.

 

 


 

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
12:14, 31 наурыз 2020
Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...